Сыйластық пен ұғыну қатар жүрмесе...

Сыйластық пен ұғыну қатар жүрмесе...

Ымырт үйірілген шақ. Жалғыз баяулап, жан-жағыма қарап жаяу жүріп келемін. Жанталасқан, жүгірген адамдар. Сіркіреп жауын басталды. Айналам абыр-сабыр жүгіре бастады. Біреулер аялдамаға, кейбірі дүкен-кафелерге кіріп жоқ болып жатыр. Жаңбыр үдей бастады. Дым саспадым. «Иә, Раббым Алла! Осы нұрдың суымен бойымды тазартшы! Жолымды ашшы! Қаралықтың бәрін шайып тасташы!» – деген сынды сөздерімді айтып, күбірлеп келемін. Жаңбырдың суы дым әсер етпеді.

Кәдімгі, іші-сыртым өртеніп, соны өшіріп жатқандай әсер алдым. Ішімдегі айтылмай өшіп жатқан дүние тұтанып, бір сәт алапат өртке айналғандай... Ал бұл жаңбыр соны өшіруге Алладан келген белгі секілді. Малмандай су болдым. Денем жеңілдеп, рақат күйге бөленіп келемін. Реніш тарқап, өкпе өшті. Тап-таза нұрдың суына шомылып, Жаратушым су бүркіп ұшықтағандай болды. Әсер бөлек. Бақыт пернесі күй шертіп, бір сәтке бәрін ұмытып, көкте – құдай, жерде – мен ғана. 

Проблема жоқ! Бәрі тамаша! Ең бақытты жан өзім! Менің әлеміммен табиғат тылсымы ұласып, ғажап күйде үйге жеттім.

Қадіріне жеткен адамға өмір керемет қой. Өзіміз нұрландырудың орнына «сұрландырып, қара бұлтты үйіріп, мазамызды алып, мәңгі өлместей алысып-жұлысып жүреміз»... Бір кем дүние! Төрт құбыласы түгел пенде жоқ. Әркімде бір қиял, бір арман! 

Бақытты болып көрінгілері келсе де «но»-сы қалқып шығып, көрініп қала береді. Байлық болса – отының басында береке жоқ; береке болса – түсіну жоқ; түсіністік болса – байлық жоқ. Бәрі болса – денсаулық жоқ; күйеуі жақсы болса – әйелі нашар; әйелі жақсы болса – күйеуі «жүргіш»... Қысқасы, бақ пен қайғы күнде жарысып жатқан өмір! Беу, дүние-ай десеңізші... Аман болыңыздар! Береке, байлықтарыңыз арта берсін! Сыйластық пен ұғыну қатар жүрсін!

 

 Сандуғаш  ЖҰМАБЕК

04.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 55
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 65
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 368
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 511

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18268
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18126
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33316
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31870
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35605