Су ресурстары және ирригация министрлігі 10 топтық су құбырын жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берді

Су ресурстары және ирригация министрлігі 10 топтық су құбырын жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берді

Су ресурстары және ирригация министрлігі топтық су құбырларын жергілікті атқарушы органдарға беру жұмысын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда 10 нысан әкімдіктерге берілді.

 Олардың 4-еуі Маңғыстау облысында, тағы 4-еуі Батыс Қазақстан облысында және қалған екеуі Ақмола мен Абай облыстарында.

 Қазіргі таңда 11 топтық су құбырын жергілікті атқарушы билікке беру жұмысы жалғасып жатыр. Оның 9-ының құжаттары Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінде. Жалпы саны 41 топтық су құбырын әкімдіктерге беру жоспарланып отыр.

 Жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық инфрақұрылымды тікелей басқаруға қажетті өкілеттіктері мен құралдары бар. Олар тарифтерді бекітеді, бюджет қаражатын бөледі, сондай-ақ пайдалану мен қайта жаңғыртуға кететін шығындарды жергілікті және республикалық бағдарламаларға енгізе алады. Топтық су құбырларын әкімдіктерге беру – желілерді жүйелі түрде күтіп ұстау мен жөндеу арқылы апаттық жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл шара шығындарды нақты әрі ашық есепке алуға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға жол ашады, судың ысырабын азайтады және жүйелердің энергия тиімділігін арттырады. Одан бөлек, цифрландыру мен автоматтандыру үдерісін де жеделдетеді. Нәтижесінде, тұрғындар таза ауызсуға тұрақты әрі үздіксіз қол жеткізеді. Бұл – су саласындағы мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі.

 «Сонымен қатар Су ресурстары және ирригация министрлігі 1,3 млн адамды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 2,5 мың шақырымнан асатын су құбырын салу және реконструкциялау жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінде елдің 9 облысында жалпы саны 31 жоба іске асырылуда. 2024 жылы Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында 8 топтық су құбырын салу және реконструкциялау жобасы аяқталды. Бұл жұмыстар 208 мыңнан астам тұрғыны бар 49 елді мекеннің ауызсумен қамту жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

03.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 31
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 43
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 362
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 351

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18265
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18122
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35599