Қазақ аяқдопты ойнай ала ма? Осы сауал көптен бері қойылып келеді. Біздіңше, ойнай алады. Көкпар тартып, күрескен, боксымен әлемді өзіне қаратқан қазекең теңбіл допты қалайша шиыра алмайды? Сейсенбі түнінде Алматының Орталық стадионында жиналған 23 мың көрерменнен басқа миллиондаған қазақстандық теледидарға телмірді. Зор үмітпен қарап еді, бірақ... Есеп 0:5! Ащы жеңіліс. Жеңіске деген құлшыныс та, намыс та болды. Алайда хас шеберлік дегенін істеді. «Реал» тағы да өзінің күшті екенін дәлелдеді. Лепіріп келген қалың көрермен жерге қарап кетті. Біздіңше, 20 қара баланы жинап, кішкентайынан ала доптың сиқырын үйрету керек. Сонда ғана әлемдік додада бабымыз жарап, бағымыз жанады.
Нұржан АЙҒАЛИ