«Ustaz Brend»: заманауи білім беру кабинеті

 «Ustaz Brend»: заманауи білім беру  кабинеті

Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен №97 мектеп-лицейінде заманауи білім беру талаптарына сай жабдықталған «Ustaz Brend» арнайы кабинеті ашылды.

Бұл кабинет – қазіргі таңда әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген ұстаздарға арналған бірегей оқыту алаңы.

Жаңа орталықтың негізгі мақсаты – педагогтерге әлеуметтік платформаларды сауатты әрі тиімді пайдалануды үйрету.

Сонымен қатар, онлайн кеңістікте ұстаз әдебі мен кәсіби этиканы сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. Аталған шараға елордалық білім беру ұйымдарының әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген басшылары мен педагогтері қонақ ретінде шақырылды.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы шара барысында сөз алып, ұстаздың қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне ерекше тоқталды.

«Ұстаз әрдайым ел алдында, әсіресе әлеуметтік желіде оның әр сөзі мен әрекеті көпшілік назарында болады. Сол себепті педагогтер желідегі белсенділігін кәсіби этикамен ұштастырып, ұстаздық бейнесін жоғалтпауы қажет. Онлайн кеңістікте де ұстаз ұстаз болып қалуы тиіс», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Қасымхан Сенғазыұлы әлеуметтік желі тек бос уақыт өткізу құралы емес, керісінше, педагог мамандығына сай, пайдалы ақпарат таратудың, тәжірибе бөлісудің, ата-аналармен байланыстың тиімді құралы екенін атап өтті. Оның айтуынша, қаланың білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңалықтар әлеуметтік желі арқылы дер кезінде ата-аналар мен қоғамға жеткізіліп отыруы тиіс.

Іс-шара барысында арнайы шақырылған заңгер Дидар Смағұлов педагогтерге әлеуметтік желідегі құқықтық нормалар мен этикалық шеңберлер туралы жан-жақты мәлімет беріп, нақты мысалдар арқылы кеңестер ұсынды. Ол педагогтердің онлайн кеңістіктегі әрекеті заң аясында қалай реттелетінін, қандай жауапкершіліктер жүктелетінін де атап өтті.

 

Нағашыбай Қабылбек
04.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 56
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 65
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 368
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 511

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18268
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18126
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33316
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31870
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35605