Кедейлік кемшілік емес

Кедейлік кемшілік емес

Бұрынғы кездің адамы мен қазіргі адамдарды салыстырсаң, береке мен татулық алыстап барады. 

Бұрынғы кезде бір тәттіні аузымен бөліп жартысын, жақсы көретін бауыры не қарындасына берсе, жеп алатын-ды. 

Қазіргі кезде олай жасаса жиіркенішті көрінеді. Бірақ бауырмалдық пен шынайы жақсы көру сезімін алыстатып алдық. 

 Пайдалы болмасаң, сенімен қазір көп адамдар араласпайды. Арада алым-берім болса, сол адамды жақсы адам ретінде көреді. Қалтасында көк тиыны болмаса да, көңілі көлдей адамдар бар, оларды ең нашар адам ретінде қабылдайтын қоғамның көзқарасы пайда болды. Біреудің байлығы мен кедейлігін талқылайтын ағайыны көбейді. Осындай күндестікпен өмірін өткізудің қандай пайдасы бар? 

 Уақытша өмірде өз ұрпағыңды да іштарлық пен өзімшіл дарақылықтан аулақ ету үшін көпшіл болуды үйретіп кеткеніңіз дұрыс. 

Отансүйгіштік пен береке-бірлікті әркім өз отбасынан үйренуге тиіс-ті. Ал даланың тәрбиесі мен көпке қарап ешбір адам зиялы бола алмайды. 

Тіріде бір-бірімізді аялауды, сыйластық не екенін бесіктен шықпай жатып балаға үйретуден жалықпағанда ғана бауырмалдық пен татулық алыстамайды. 

 

Таңжарық МИЗАМХАНҰЛЫ 

 

05.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 55
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 65
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 368
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 211

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18268
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18126
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33316
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31870
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35605