Қазақ бірігуі қажет

Қазақ бірігуі  қажет

Сасық тобыр, импершіл менмен топастар жымысқы арамы тірлікте алдына жан салмайды. Өкіндіретіні – соған өзіміздің қазақ бауырларымыздың аттандап атой салып жүргені. 

Мен кезінде діни білім алдым. 92 жылдары. Ол кезде уахабтар жоқ еді. 93-тен бастап келе бастады. Сол кезде Абдулла Жолдас деген ұстаз кісі сабақ беретін. Білімі жан-жақты, қазақша, арабша, орысша грамматиканы талдағанда мықты еді. Бірақ некен-саяқ, өзімен-өзі жүретін. Өте білімді адам. 

Сол кісі Қазақстанға арабтар келіп, сабақ береміз деп шәкірт жинай бастаған кезде арабтармен сөйлесіп, «мақсатың не, білімің қалай, сенімің қалай?» деп біраз тықсыртып алған. Алдында арабтар менсінгісі келмей жүре жауап берді. Бірақ Әбекең білім жағынан да, заң жағынан да оларды тықсырып, бұрышқа тықты. «Сенің айтып жатқаның олай емес, былай. Мына кітапты оқып көр, мына ережеде былай жазылған, оның мағынасы былай болады» деп орнына қойып тастады. Арабтар мұны көрсе қашатын халге жетті. Сол кезде Абдулла Жолдас дабыл қақты. Прокуратура, ҰҚК, Ішкі істер – бәріне барды. Тіпті Президентке дейін шықты. «Мыналар қазір тоқтатпаса, елді бұзады, қуыңдар, құртыңдар» деп біраз шулатты. Ешкім құлағына ілмеді. 

Есесіне Ислам Каримов естіді. Естіді де, дереу өз елін тазалап тастады. Өзбектен қашқан уахабтың бәрі Қазақстанға тығылды. Бізде ол кезде еркіндік. Парасын бер де, білгеніңді істе. Барлық дінге де, сектаға да еркіндік берілді. Уахабизм мен иегова сол кезде кеңінен шарықтады. Кейіннен иеговаларды заңмен қудалап, шіркеуден басқа жерде сөйлей алмайтын қылды. Олар сонда да жолын тауып, үнпарақтарын таратып, халықты алдаумен болды. Әлі күнге дейін жұмыс істеп жатыр. 

Уахабизмнің өзіне бір уақыттарда керек болатынын шал білді. Рычаг орнына қолдана алатынын түсінді. Әрі араб елінің билігі де «біздің жігіттерге тимей-ақ қой» деп бес-он теңге қыстырса керек. Сонымен олар еркіндікте шалқыды. Отыз жылда бұлар әбден күшіне мінді. 

Мойындау керек, уахабтар өте керемет жұмыс істеді. Қаржыландыру, үгіт-насихат, жоғары шенділерді өз қатарына қосу сияқты жұмыстар өз жемісін мықты берді. Енді отыз жыл өткенде бұлар алынбас қамал болып, қазір үй ішінен үй тіккен қызылкөз бәле болып жабысып отыр. 

Бұдан басқа тәңіршілдер деген сорлылар бар. Иә, сорлылар. Ойдан шығарылған дүниеге имандай сеніп, олар да бүйректен сирақ шығарып лағып отыр. Одан қалса атеистпін деп шыққан тағы бір топ бар. Олар да әйтеуір өз ойын тықпалап әлек. 

Айналып келгенде, онсыз да жетпіс жыл тұралап қалған халықтың миын бәрі жан-жақтан жабыла ашытып, атала көжесін шығарып жіберді. 

Өзі онсыз да күнкөрістің қамыты мойнын қажаған қазақ, күйіп кеткенде: «Е бар-е-е, ш..! Ертең таңнан тұрып құлдық жұмысқа жегілу керек. Тәңірің де, Құдайың да, Буддаң да, Кришнаң да..! Бала-шағаны асырау керек...» – деп, «горилласын» ішіп, «Қалаулымды» көріп ұйқыға кетеді.

Дәл қазір қазаққа бір-ақ нәрсе керек. Ол – бірігу. Болды. Қаны қазақ бірігу керек. Қазақтың қазақтан басқа сенері де, сүйенері де жоқ. Біз өзімізден басқа ешкімге керек емеспіз. 

Анау өтіріктен қазақша сөйлеп, мақалдатып жүрген келімсек, ел басына күн туса, сенің Алматың мен Қарағандыңды қорғайды дегенге сенесің ба?.. Сол күні қашады. Мықты патриот болса, өз елінен неге қашты? Өз туған жерін жарылқамаған, сенің қазақ тіліңнің маңдайына май жағады деген ертегі ғой. Осының бәрін түсінетін уақыт жетті, тіпті өтті. Баяғыда өтті ғой. 

Біз әлеуметтік желіде өсек аңдып отырамыз. Бір нәрсенің құлағы қылтиса бітті. Суырып алып, ары қарай өзіміз қалаған формада суретін салып, фантазиямызға сәйкес кебісін кигізіп жібереміз. 

Біз мұнда өсек соғып жатқанда, анда ұрлық болып жатыр. Біздің болашағымызды тонап жатыр. 

Байлығымызды, аталарымыздың қанымен келген жерімізді бөліске салып жатыр... 

Бірақ бізге бәрібір... 

Мен данышпанмын демедім. Ешкімді мұқатпадым. Ашығын айттым. Атеистсің ба, жақсы! Тәңіршілсің ба, керемет! Уахабсың ба, өзің біл! Бірақ бәрінің істеп жатқаны – өзара қырқысу. Ұлттығын жиып қойып, сенімін бірінші орынға шығарып жатыр. Қазақылығымызға, ұлтымызға ең ауыр соққы да осы болып жатыр. Сол ең зияндысы. Әркім өз қалаған дінімен, ұстанымымен жүрсін, басқаға соқтықпасын. Бітті. 

Қазақпын дегенде ұстанымын жиып қойсын. Осы мендегі ұсыныс.

Секта біткенді қазір қуып шығу керек. Бәрін. Айту ауыр. Бірақ солай істеу керек... Бәрі реттелген соң, сұрыптап алуға болады. Онда да нақты, темірдей тәртіппен, қатаң талаппен. Басқаша болмайды... Бірігу керек. Есті жию керек...

Әсет Оразханның

 парақшасынан

 

04.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 55
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 65
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 368
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 511

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18268
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18126
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33316
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31870
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35605