«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек адамына құрмет көрсетуге үндеген бастамалары мен бүгінгі таңдағы жаңа Конституция − елдің бірлігі мен болашағы үшін жобаларды жүзеге асыруда Тәуелсіздіктің 35 жылы ішінде еліміздің дамуы мен өркендеуінде қажырлы қызмет етіп, ерен еңбегімен танылған адамдарды қалай бағаламасқа?
Қарашашев Темірболат Жантемірұлы 1946 жылы 4 тамыз айында Павлодар облысының Шарбақты ауданының орталығында дүниеге келген. Жастық шағында орта мектепті аяқтаған соң әскер қатарында 3 жыл Отан алдындағы борышын атқарды. Өмір кезеңінің жастық шағынан бастап, еңбектің қиындығына қарамай, кәрі әке-шешесінің тірегі болған Темірболат жауапкершілігі мол жұмыстарға белсене қатынасып, жастайынан «шофер» болуды армандады. 1970 жылы 12 сәуір айында Космонавтика күні мейрамына орай Кабдуллинова Нұржамал Ғариполла қызымен отбасы құрды. Еңбек майданындағы ерлі-зайыпты жас жұбайлар Темірболат пен Нұржамал адал еңбектерімен ұлағатты өмір жолында, әсіресе бала тәрбиелеуде, көпшілікке үлгі болды.
Бүгінде марқұм болған аға буын Қарашашов Жантемірұлының асыл бейнесін ел жадында сақтау үшін осы қолжазба көпшілікке үлгі болсын деген ойдамын. Жарасымды өткен Қарашашевтар отбасының өмірі үлгі боларлықтай өткенін өз басыммен көріп, білдім.
Темірболат аға 2012 жылы Павлодар облысына 75 жыл мерейтойлық медалімен, 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік және «Шарбақты ауданына 85 жыл» медалімен марапатталды. Ауыл шаруашылығы ардагерлер ұйымының қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагері» атанды. 2016 жылы «Шарбақты ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. 2018 жылы ол «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» және 2016-2019 жылдары «Еңбек даңқы» белгісінің екінші, үшінші дәрежелі төс белгілерінің иегері болды.
«Көненің көзі, жаңаның жаршысы» бола білген Темірболат аға мен Нұржамал апа Шарбақты ауданындағы жеке кәсіпкерлікке мойын бұра отырып, сонау 1990 жылдардан бүгінгі күнге дейін, салиқалы ардақты жастарына қарамай, бала-шағасына көмектесіп, кәсіпкерлік саланың қыр-сырын меңгере отырып, еліне елеулі, халқына қадірлі із қалдырып отыр. Сексенге жақындаған Нұржамал апа үйде отанасы, тілеуқор жан, аяулы жар, ардақты ана, асыл әже − түзде кәсіпкер, яғни бүгінде зор денсаулықтың арқасында қатардан қалмай кәсібін дөңгелетуде.
Ащы-тұщыны бір кешкен отау иелері Шарбақты атты аудан орталығындағы жер үйдің маңайындағы көршілер осы көшені Қарашашевтар әулетінің есімімен атауы − қиын-қыстау сонау 1990 жылдардан бүгінгі күнге дейін шағын аудан орталығындағы жүздеген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуі ел алғысының бір белгісі деп ойлаймын. «Ауданыма қызмет ету мен үшін үлкен мақтаныш, әлі де болса бар білгенімді кейінгі ұрпаққа үйретуге дайынмын», − деп адами парызын еліне, қоғамына арнап отыр. Осы аудандағы тарихи өзгерістердің жетістіктерімен, жеңістерін жалғастырып отырған бүгінгі аудан әкімі Иманқұлов Сержан Ерғалымұлы кезінде Қарашашев Темірболат ағаның сүйікті шәкірті болған дейді Нұржамал апа. Бүгінгі күндегі бейбіт өмірде де бірліктің арқасында ерлік жасауға болады екен. Адамның рухани биіктігі мен ұзақ өмірдегі еліне қандай қадірлі болғанын үйдегі − түздегі өмірін елі бағалайды ғой. Шарбақты ауданының тізгінін әр кезеңде ұстаған әкімдердің алдына барғанда шешілген мәселелер − қазақ мектебіне керек оқулықтар мен жабдықтар, спорт жарыстары мен жаңа оқу жылы басталардағы мектепке жөндеуге жасалған көмектердің көбіне аға буын Темірболат Жантемірұлының көмегі болды. «Сырт көз − сыншыл» дегендей, осындай жақсылық парызды елге, ауданына, өзі өмір сүріп отырған көрші-қолаңға қарапайымдылығымен, сыйлы мақсат тілегімен аудандағы барлық іске етене араласып жүрген Темірболат ағамен Нұржамал апаны қалай оқырманға жеткізсем деген ой туды ғой.
Менің туған жерім Ресейдегі Байғамұт ауылында. Қарашашева Зука атты жасы сол кездерде сексенге келген анамыз таң сәріден «папуткалатып» 120 шақырым жердегі Шарбақты ауданына қара жолдағы кездескен көлікпен Темірболат бауырымнан барып «Сәуле» цейлонский шай әкелдім деп, кешкіде мал келер уақытқа қарай ауылға келетін. Елдегі батагөй ақсақалдар жолаушы шығатын адамдарға «Зука апаның жолын берсін!» деп ақ бата беруші еді. Ең бастысы, Темірболат аға әрбір істі талантты ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде өзін көрсетіп, жұмыста қарапайым мінезімен, ашық сөйлесетін, тәртіп пен адами мәдениетті қатаң ұстанатын, қызмет бабында пендешілікке бармай, қарамағындағы жұмыскерлердің отбасы жағдайына адами қасиетпен терең ойланып, назар аударатын. Аудан орталығында тұратын бес балалы Иманқұлова Самалдың жанұясына сыйлыққа үй бергенін Шарбақты ауданы жұртшылығы біледі. 1990 жылдардағы қиын кезеңдерде аудан әкімі Нұрғалиев Жақай Жұбайұлы иесіз қалған, терезесі тақтаймен бекітілген «Тұрмыс үйі» мен «Авангардт» кинотеатрын ұқсататын адам сіз боларсыз деп, ақысыз ие бол», − деп аманат қылып Темірболат Жантемірұлына беріп еді. Сөзі мен ісінде алшақтық болмаған осы ауыспалы өмір кезеңінде ауытқымай, адаспай, заман ағысында еліне қандай қадірлі болғанын үйде мен түздегі көрінісі мысал болады. Кешегі ата-анадан мұра болып қалған киелі шаңырақтың отбасының келіні Нұржамал Ғарипуллақызы елу бір жыл сүйген жары Темірболатпен жанұяда төрт ұл балаларынан он бір немере, үш шөбере сүйіп отыр. Шаңырақтың тұла бой тұңғыш баласы Жанат пен келіні Құралай – кәсіпкер, аудандағы елді мекенді құрылыс тауарларымен қамтамасыз етеді. Алтынай немересі мен Ернар күйеу баласынан Данат, Алихан атты шөбере сүйіп отырса, немересі Аңсар кәсіпкерлікте.
Екінші ұлы Теміржаннан Айдар немересі − кәсіпкер. Әсел немересі Арыстан атты күйеу баласынан Медине есімді шөбере сүйгізіп отыр. Үшінші ұлдары Мұратпен келіні Гүлсім Шарбақты аудан орталығындағы «ТОО ОТЫН» мекемесін басқарады. Эльмира немерелері прокуратурада, Ділназ немересі финанс қызметкері, ал Алан немересі мектеп оқушысы − Нұржамал әжесінің еркесі. Қарашашевтар жанұясының кенжесі − Асхат пен келіндері Мира аталары мен әжелерін үш немере – Данияр, Алдияр, Алан есімді балаларымен қуанышқа бөлеп отыр. Асхат балалары Павлодар облысының прокуратура саласында еңбек етеді.
Қарашашева Нұржамал апа − қазақ әйеліне тән барлық асыл қасиетті бойына сіңірген жан. Темірболат жолдасының жанында жүргенде даналығымен, байыптылығымен, кішіпейілділігімен, сабырлы мінезімен сыйлы болды. Ел азаматтарымен ақ жаулықты аналар, аудандағы халық Нұржамал апаның парасат-пайымымен, ізетті, тәрбиелі сөзіне әрқашан сүйсінетін. Бүгінгі күнге дейін, қажыр-қайратын жоғалтпай, кезінде аудан орталығында кафе ашып, нан тағамдарын пісіріп, тігін цехте ою-өрнекпен көрпе, сырмақ, жастық тігіп, жұмысшыларға арналған қолғаппен арнаулы «Спецодежда» шалбар-көйлектер дайындады. Ағаш өңдеу цехінде жергілікті азаматтар еңбек етіп, күнкөріс жасағанын ұмытпайды. Аудандағы мектеп асханаларын ас-сумен қамтамасыз етіп, «Асхат» атты дүкеннен басқа, Алтай өлкесіндегі Михайловка ауданындағы Николаевка селосындағы болған өрт апатына шалдыққан халыққа азық-түліктен басқа 100 комплект төсек-көрпе апарғанын ел біледі. Қара мал асырап, қой, жылқы ұстаған кездерін бүгін еске алған Нұржамал апамыз әлі де үйге келген қонақтары жоғары бағалайды, қолының берекелігі сол, жер үйде тұрып қаз, үйрек, тауықтың балапандарын асырап, қаладан келген туыстарымен, таныстарына сойған соғымды тұздап, сүрлеп, етін жіліктетіп, қазы-шұжығынан дәм татқызып, ағайынның құрметіне бүгінде бөленіп отыр.
Қолы қалт еткенде кітап оқып, әрдайым газет-журналдардан жаңалықтарды қалт жібермейді. Адал қызметімен ел құрметіне бөленген еңбектің арқасындағы Нұржамал апаның маңдай тері мәңгі өшпес ерліктің ізін қалдырады. Қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, қоғамның дамуына лайықты үлес қосқан қарапайым ардақты ананың ел қамын ойлап, Павлодар облысының кәсіпкер әйелдер ассоциациясының құрамында 2001 жылы Елбасы Н. Назарбаевтан видеосымен теледидарды сыйға алса, 2002 жылы Астанада Қазақстан Республикасының «Ең үздік кәсіпкері» деген атаққа ие болды. Бүгінгі күні Қарашашев Темірболат аға мен Нұржамал апаның әулеті естен кетпес табандылық пен төзімділіктің, қайсарлық пен қарапайымдылықтың жарқын үлгісі.
Сапарбек МАУСЫМБАЕВ,
Ресей Журналистер
Одағының мүшесі,
Ыбырай Алтынсарин
төсбелгісінің иегері














