Сүйінші! Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне кірді

Сүйінші! Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның  Дүниежүзілік мұралар тізіміне кірді

«Маңғыстау облысындағы Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан Үпі жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді» деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұл туралы Ерлан Қарин хабарлады. Оның айтуынша, тиісті шешім Корея Республикасының Пусан қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-ші сессиясында қабылданған. Ерлан Қарин бұл жетістік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы мен тікелей қолдауының нәтижесінде жүзеге асқанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында Маңғыстаудың жартасты мешіттерін ЮНЕСКО мұралары тізіміне енгізу жұмыстарын бастауды тапсырған. ЮНЕСКО бұл нысандарды көпғасырлық рухани, мәдени және сәулет дәстүрлерінің көрнекті үлгісі ретінде мойындаған.

Ерлан Қариннің сөзінше, алдағы уақытта Жаркент мешітін, Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуін, Қаратау петроглифтерін және Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерін» ЮНЕСКО тізімдеріне енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

 

30.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26623
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26058
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43448
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39232
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43851