XI Baiqonyr Film Festival бағдарламасын жариялады

XI Baiqonyr Film Festival бағдарламасын жариялады

XI Baiqonyr Film Festival қыркүйекте Алматыда өтетін фестиваль бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаға қысқаметражды фильмдердің Ұлттық және Халықаралық байқаулары, толықметражды фильмдер көрсетілімі, дәрістер, шеберлік сабақтары, кәсіби пікірталастар және кино мамандарымен кездесулер енді.

Фестивальдің негізгі бағдарламасы 20–25 қыркүйек аралығында өтеді. Ал 19 қыркүйекте кинотанушылар мен киносыншылар форумының іс-шаралары басталады.

Фестиваль күндері көрермендер Ұлттық және Халықаралық байқауға қатысатын фильмдерді тамашалап, көрсетілімнен кейін оларды кинотанушылармен бірге талқылай алады. Кәсіби және білім беру бағдарламасы аясында панельдік пікірталастар, авторлық және зерттеу дәрістері, шеберлік сабағы және қазақстандық жетекші кинооператорлармен public talk өтеді.

Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өткізіледі.

Фестиваль аясындағы кез келген іс-шараға билет құны  – 1200 теңге. Билеттерді Ticketon сайты арқылы сатып алуға болады.

XI Baiqonyr Film Festival бағдарламасы

19 қыркүйек / Форум

14:00–15:00 — Кинотану жұмыстарының ұлттық сыйлығы — 2026.

15:30–17:00 — Кинорежиссер әрі кинотанушы Дәрежан Өмірбаевтың «О четырех статьях из сборника «Строение фильма» кітабының таныстырылымы.

20 қыркүйек

11:00–14:00 — «Кинодағы кеңістік, кеңістіктегі кино» тақырыбындағы панельдік сессия. Пікірталасқа кинотанушы, PhD Асия Бағдәулет (Қазақстан), кинотанушы, өнертану докторы Лела Очиаури (Грузия), кинотанушы, NETPAC және FIPRESCI мүшесі Гүлбара Төлөмүшова (Қырғызстан), кинотанушы Анна Рафальская (Беларусь), кино сыншысы Ильгар Кулиев (Әзербайжан) және кинотанушы, философия ғылымдарының кандидаты, УрФУ доценті Лилия Немченко (Ресей) қатысады. Модератор: кинотанушы, PhD Молдияр Ергебеков.

16:00 — Қонақтарды қарсы алу. «Арман» кинотеатры, Достық даңғылы, 104.

17:00 — XI Baiqonyr Film Festival ашылу салтанаты және «Mūğalım» (реж. Аяна Нурдинова) ашылу фильмінің көрсетілімі.

21 қыркүйек

11:00–13:00 — «Сөзбен жеткізе алмағанды кадрмен қалай көрсетуге болады?» public talk. Кездесуге кинооператорлар Еркінбек Птыралиев, Азиз Жамбакиев, Азамат Дулатов, Айдар Оспанов, Сабит Семетаев және Нұрсұлтан Базарбай қатысады. Модератор: кинотанушы Гаухар Аспандиярқызы.

14:30–16:30 — Халықаралық байқау фильмдерінің көрсетілімі және талқылау. Модератор: кинотанушы Гайша Аманжол.

17:00–20:00 — «Мерген» толықметражды фильмінің көрсетілімі (реж. Чингиз Нарынов, Қырғызстан) және талқылау. Модератор: кинотанушы, өнертану кандидаты Инна Смаилова.

22 қыркүйек

11:00–11:50 — Киносыншы Василий Степановтың шеберлік сабағы (Ресей).

12:00–13:00 — Киносыншы Жазгүл Ибраимованың (Қырғызстан) «За кулисами бума: заметки о кыргызском коммерческом кино» зерттеу дәрісі.

14:30–16:30 — Халықаралық байқау фильмдерінің көрсетілімі және талқылау. Модератор: кинотанушы Гайша Аманжол.

17:00–20:00 — «Победителей видно на старте» толықметражды фильмінің көрсетілімі (реж. Жаннат Алшанова, Қазақстан) және талқылау. Модератор: кинотанушы, өнертану кандидаты Инна Смаилова.

23 қыркүйек

11:00–13:00 — Ұлттық байқау фильмдерінің көрсетілімі және талқылау. Модератор: кинотанушы Гүлім Көпбай.

14:30–16:30 — Ұлттық байқау фильмдерінің көрсетілімі және талқылау. Модератор: кинотанушы Гүлім Көпбай.

17:00–20:00 — Winter Light толықметражды фильмінің көрсетілімі (реж. Чо Хен Со, Оңтүстік Корея) және талқылау. Модератор: кинотанушы, өнертану кандидаты Инна Смаилова.

24 қыркүйек

11:00–11:50 — Кинотанушы, философия ғылымдарының кандидаты, УрФУ доценті Лилия Немченконың (Ресей) «Не мейнстрим: российское кино 20-х годов XXI века — авторы и герои» авторлық дәрісі.

12:00–13:00 — Кинотанушы, өнертану докторы Андроники Мартонованың (Болгария) авторлық дәрісі.

14:30–16:30 — Ұлттық байқау фильмдерінің көрсетілімі және талқылау. Модератор: кинотанушы Гүлім Көпбай.

17:00–20:00 — «Фейерверки днем» толықметражды фильмінің көрсетілімі (реж. Нина Волова, Ресей) және талқылау. Модератор: кинотанушы, өнертану кандидаты Инна Смаилова.

25 қыркүйек

11:00–13:00 — FILM CRITICS LAB қорытындысы бойынша дөңгелек үстел. Өтетін орны: Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалы.

16:00 — Қонақтарды қарсы алу. «Арман» кинотеатры, Достық даңғылы, 104.

17:00 — XI Baiqonyr Film Festival марапаттау рәсімі жәні жабылу фильмі  «Алпамыс мектепке барады» (реж. Абдулла Қарсақбаев, 1977, «Қазақфильм», цифрланған нұсқа) фильмінің көрсетілімі. 

XI Baiqonyr Film Festival аясындағы көрсетілімдер, кәсіби кездесулер мен білім беру іс-шаралары Алматыда фестиваль аптасы бойы өтеді. Көрермендер байқау фильмдерін тамашалап қана қоймай, оларды кинотанушылармен және киноиндустрия өкілдерімен бірге талқылай алады.

 

24.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27176
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26677
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44011
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39763
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44348