Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Қазақстанның Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Елшісімен кездесті

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Қазақстанның Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған Елшісімен кездесті

Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжановпен кездесті.

Профессор Ақтоты Райымқұлова Ералы Тоғжановты жауапты дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында түркі халықтарының бай мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, сондай-ақ түркі әлемі елдері арасындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Қор президенті ұйымның негізгі жобалары мен бастамалары туралы ақпарат беріп, түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда Қазақстан және Өзбекстанмен ынтымақтастықтың айрықша маңызын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов Түркі мәдениеті және мұрасы қоры қызметінің түркі халықтары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды қолдауға мүдделі екенін білдірді.

24.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27170
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26671
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44007
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39758
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44343