Бұл тағайындаулардың маңызы бөлек

Бұл  тағайындаулардың маңызы бөлек

1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституция бойынша енді елімізде, әкімшілік ауыс-түйістер, жаңа тағайындаулар орын ала бастайды. Бүгін соның алғашқысы болып екі тағайындау жүзеге асты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.  

Келесі тағайындау бұрынғы ҚХА төңірегінде болды. Естеріңізде болса, Президенттің ұсынысымен Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) мен Ұлттық құрылтайдың орнына құрылған біріктірілген формат, Қазақстан халық кеңесі құрылған болатын. Ол этносаралық татулықты, қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге және азаматтық қоғамның басын қосуға арналған жаңа консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Бұл тағайындалған тұлғалар өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруы қажет. Ата Заң күшіне енді, енді елімізде тарихи бетбұрыс жасалуы тиіс. Әділетті Қазақстанның салтанат құруы – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Осы жауапты қызметтерге тағайындалған азаматтар жаңаша көзқараспен, жоғары жауапкершілікпен және ерекше құлшыныспен еңбек етіп, халық сенімінен шығады деп ойлаймыз.

 

08.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26276
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25717
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43109
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38916
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43510