Ата Заңға құрмет

Ата Заңға құрмет

Ақмола облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне орай Ата Заңды ұлықтау жиыны Марат Ахметжановтың төрағалығымен өтті.

 

Облыс әкімі халықтың таңдауы мен тарихи тәжірибеге негізделген Конституция мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, білім, ғылым және инновацияларды дамытуға бағытталған басты құндылықтарды бекітетінін атап, тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің жетістіктерін, тарихи сәттерін кеңінен әңгімелеп, Ата Заңның қолданысқа енуімен құттықтады. Әкім алғы сөзінде:

«Бүгінде облысымызда өндіріс көлемі артып, ауылшаруашылығы қарқынды дамып келеді. Аймағымыз әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан республикада алдыңғы орындарға шығып отыр. Осының нәтижесінде жаңа мектептер, селолық дәрігерлік амбулаториялар, спорт кешендері мен мәдениет нысандары салынып, жолдар жөнделіп, инженерлік инфрақұрылым жаңартылуда. Мемлекет тарапынан ауылдарды дамытуға, тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мұның бәрі Конституцияда белгіленген әлеуметтік мемлекеттің негізгі қағидаттарының нақты көрінісі. Әділетті Қазақстанды құру әр өңірден басталады. Біз үшін ең басты мақсат – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, жастарға мүмкіндік жасау, ауылдарды дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы міндеттердің барлығы Конституцияда бекітілген азаматтардың әл-ауқатын арттыру қағидаттарымен үндеседі. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өзінің жұмысында заң талаптарын басшылыққа алып, халыққа адал қызмет етуі қажет», – деді өңір басшысы. Жиынға қатысушылар Жаңа Конституцияның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту, азаматтық қоғамды дамытудағы рөліне тоқталды.

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов конституциялық реформаны дайындаудың негізгі кезеңдері, Жаңа Конституцияның басты ережелері және қабылданған өзгерістердің елдің алдағы дамуы үшін маңызы туралы баяндады.

Ата Заңдағы тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы және мәдени мұраны қорғау принциптері жайлы Құралай Ыдырысова, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының міндетін атқарушы Ардақ Қапышев құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы жоғары оқу орындарының рөлі туралы тұщымды ойларын бөлісті.

Жиын соңында әкім Марат Мұратұлы Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының Мемлекет басшысының қолы қойылған арнайы басылым нұсқасын облыстық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Жүсіповке, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қабдуали Құлышевқа табыстап, үшінші данасын ҚР Еңбек Ері, меценат, «Родина» агрофирмасының иесі Иван Сауэрге табыстауға қалдырды.

 

08.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26276
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25717
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43109
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38916
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43510