Журналистерді заман талабына сай даярлауымыз керек

Журналистерді заман талабына сай даярлауымыз керек

– Жастарға сенеміз, – дейміз.

– Заман біздікі, – дейді олар!

Бірақ замана күрт өзгерді. Қоғам мен билік арасындағы алтын көпір журналистерге артылар жауапкершілік те басқаша. Бұрынғыдай тек жоғары жақты сынап-мінеу уақыты өтіп кетті…

Сол себептен де журналистерді даярлайтын ЖОО факультеттер қызметінде заман талабына сай күрделі өзгерістер қажет. Ендігі кезде журналист заң мен экономиканы меңгеруі парыз. Сонда ғана хаип тақырыптар емес, Әділетті Қазақстанды орнықтыратын журналистика қалыптасады.

Министрлік тарапынан мүмкіндігінше журналистерге қолғабыс жасалуда. 40 жыл тәжірибемнен келтірсем, дәл қазіргідей мемлекеттік мүддеге қызмет ететін әріптестеріме бүгінгідей қолдау бұрындары болмаған. Бір Отанымыз бар. Кемшіліктерді күнделікті тұрмыстан бастасақ, Еуропадағы стандарттарға қол жеткіземіз. Бұл туралы үнемі аға әріптес Қайнар Олжай парақшасында жазып жүр.

Мемлекет Басшысының кеңесшісі Бауыржан Омарұлы кітабын алдым. Жазбаларын фейсбукте тұрақты оқимын. Студент кезден біздерге аға-ұстаз-әріптес. Сол кітапты жастарға ұсындым. 

– Оқыңдар, үйренер тәлім көп осында. Ұлттық діл ұрпақтар сабақтастығымен жетіліп отырған, – дедім…

Жастар бәрін қопарып өзгертеміз дейді. Бірақ…

Ақын-жазушыларымыздың кітаптарының оқырманы 100 есе азайып кеткені секілді, олардың да көрермендері селкеу. Неге дегенге жауапты осы кітаптан табасыз.

Махат САДЫҚ

 

25.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26000
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25451
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42848
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38671
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43246