Маңғыстауда оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде 17 әскери қызметші суға кеткен

Маңғыстауда оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде  17 әскери қызметші суға кеткен

Маңғыстауда оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 әскери қызметші суға кеткен. Олардың 12-сі қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

Қазіргі таңда тағы екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді қажетті барлық күштер мен құралдарды тарта отырып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді тапсырды.

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсетіледі.

Осыған орай, яғни  Каспий теңізіндегі әскерилердің қаза табуына байланысты 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Тиісті үкімге президент қол қойды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

24.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27981
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27462
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44829
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40503
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45140