ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ САЯСИ МӘРТЕБЕСІ АЙҚЫНДАЛСЫН!

ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНЕ  ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ  САЯСИ МӘРТЕБЕСІ  АЙҚЫНДАЛСЫН!

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.ТОҚАЕВ мырзаға

Қазақстан Республикасының Вице-президенті Е.Т. КАРИН мырзаға

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарына!

 

Біз, бір топ зиялы қауым өкілдері, елімізде орын алып жатқан реформалық жаңаруларға қолдау білдіре отырып,  мұндай өзгерістер еліміздің ертеңін көркейтуге қызмет етеді деп сенеміз. Осындай тағдыршешті кезеңде биыл 40 жылдығы аталып өтілуі қарсаңында 1986 жылғы әйгілі Желтоқсан көтерілісіне саяси мәртебе берілуін, сондай-ақ оған қатысушылардың құқықтық мәртебесі айқындалуын сұраймыз. 

Бұл Желтоқсан көтерілісі өзінің егемендігі мен тәуелсіздігіне қадам басқан  Қазақстан үшін айрықша оқиға болды. Алматыдағы және басқа қалалардағы жастардың толқуы бүкіл Кеңес Одағы кеңістігін дүр сілкіндірді. Ол біртіндеп алып империяның ыдырауына жеткізді, одақтас республикалардың азаттық алуына жол ашты. Тек Қазақстанда ғана емес бүкіл әлем картасында орасан өзгерістер туғызған Желтоқсан көтерілісі өзінің нақты саяси бағасын алуы тиіс.                     Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 35 жыл толмақ, сол тәуелсіздігіміздің негізін салған Желтоқсан көтерілісіне 40 жыл. Осы қастерлі даталар лайықты аталып өтілуге тиіс. 

Желтоқсаншылар осыдан бес жыл бұрын Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығында байланысты желтоқсаншыларға зор қолдау көрсетіп, күрес қаһармандарына құрмет көрсетуге, әлеуметтік-рухани жағынан жағдай жасауға тапсырма бергенін ұмытқан жоқ. Бұл  Желтоқсан қаһармандарына зор рух берді. Оларға қоғамдық көлікте тегін жүру құқығының берілуі де өте қуантты.  Алайда шешілмей тұрған мәселелер де баршылық. Желтоқсаншыларға ең қажетті нәрсе емхана, ауруханада тегін ем алу, шипажайларда дем алу орындалмас арман күйінде қалып тұр. Тәуелсіздігімізге жол ашып, ұлы ерлік жасаған желтоқсаншылар мәртебесі Ұлы Отан соғысы  ардагерлерімен теңестірілуі қажет деп есептейміз. 

Егер Құрылтай депутаттары қажет деп тапса, Желтоқсан көтерілісіне байланысты қоғамдық ұйымдарда әзірленген  «1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың құқықтық мәртебесі және көтерілісті мәңгі есте сақтау шаралары туралы» заң жобасы ұсынылуға әзір. 

Мұны мыңдаған желтоқсаншылар тағатсыз күтіп отыр.

Қол қоюшылар:                                                 

Марат ТОҚАШБАЕВ,  жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ,  «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Журналистер  одағы мен Жазушылар одағының мүшесі;

Көлбай АДЫРБЕКОВ, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Журналистер одағы мен  Жазушылар  одағының мүшесі;

Болат ШАРАХЫМБАЙ, ақын, ҚР Журналистер одағы мен  Жазушылар одағының мүшесі;

Талғат АЙТБАЙҰЛЫ, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Журналистер одағы мен  Жазушылар одағының мүшесі;

Жаңабек ЖЕТІРУОВ, кинорежиссер, қоғам қайраткері.

17.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27716
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27218
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44567
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40284
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44892