Зиянды сусын орнына ұлттық сусынды пайдалан, халқым!

Зиянды сусын  орнына  ұлттық сусынды  пайдалан, халқым!

Қазір ұлттық сусындарға жұртшылықтың ынтасы, сұранысы барған сайын артып келе жатқанын байқауға болады. Бұл қуанарлық жағдай. Бұрын той-домалақтарда, әсіресе Кеңес өкіметі кезінде арақ-шарап дастарқанның «көркі, сәні» болса, қазір олар біртіндеп шеттетіліп, оның орнын ұлттық сусындарымыз басып келеді.

Ол қандай сусындар? Қымыз, шұбат, айран, қатық, қымыран, ежігей, саумал. Бұлардың қай-қайсысын алсаң да олардың тұла бойында тұнып тұрған қасиеттер көп. Бала кезімізде сүт, айран, қатық ішіп, қаймақ жеп өстік. Балалық шақтағы қанып ішкен осы ұлттық сусындар кейінгі денсаулығыңның іргетасы болатыны шындық. Ал қазіргі біздің балаларымыздың ішіп жүрген газды сусындар өте зиянды екендігі ғылыми тұрғыдан да, медициналық жағынан да дәлелденді. Бұдан өлімші болып ауырғандар да, тіпті өлгендер де баршылық.

Сондықтан мемлекеттік тараптан да, отбасылық жағдайында да өзіміздің ұлттық сусындарға жедел түрде бет бұруымыз тиіс. Бұл жөнінен насихат жұмысын күшейтіп, теледидар, фейсбук, ғаламторды пайдалану қажет. Мәселен соңғы бір-екі жылда саумалдың құрғақ капсулаларын жаппай насихаттауды күшейтті. Соның нәтижесінде қазір ел-жұрт сол капсулаларды жаппай ішіп, жеп жатыр. Мұның пайдасы болмаса зияны жоқ. 

Иә, аурудың дені ішкі ағзаға байланысты екенін біз жақсы білеміз. Оны тазалау үшін судан бастап барлық сұйық нәрсені пайдаланып жүрміз. Бұл орайда ұлттық сусындардың қасиеттерін пайдалану жағын ұмытып кете береміз. Мысалға саумалды үнемі пайдаланғандардың ағзалары таза болатынын дәрігерлер дәлелдеп шықты. Қазір өздеріңіз білесіздер қымыранымызды, қымызымызды шетел ғалымдары пайдаланып, тіптен брендке айналдырған. Израиль ғалымдары қымыранның жүзге тарта қасиеті барын ғылыми тұрғыда дәлелдеп отыр. Қымыран алдымен шөліңді басады, одан кейін көптеген дерттерге дауа. Осы қымыран Израильден басқа Германия, Норвегия сынды мемлекеттерде өндіріле бастаған. Қызық болғанда қымыраннан балмұздақтар, йогурттар жасаған. Қымыран өт жолдарын тазартады, бауыр, бүйрек жұмыстарын жақсартады. Қымыраннан құрғақ капсулалар да жасалынуда. Қымыран қымыздан, сиырдың ашыған сүтінен, түйенің сүтінен жасалады. Әлбетте түйенің сүтінен жасалған қымыранның орны бөлек. Ғалымдардың айтуынша, шұбатта 911 ккал болса, биенің сүтінде 528, сиырдың сүтінде 460 калория бар екен. Қымыран ас қорытуда да зор рөл атқарады. Оның құрамында дәрумендер өте көп. 

Кәсіпкер қазақ қызы шұбаттан балмұздақ жасағанын білемін. Қазір ол ұлттық сусындармен бірге осы балмұздақтарды шығаруды кәсібіне айналдырып, жағдайын да түзеп алғанын біліп отырмыз. Сонымен газдалған, жасанды сусындардың зиянын айта отырып, оны дүкендерден алып тастап, орнына ұлттық сусындарды қойып, пайдалануды күн тәртібіне енгізу керек. Ұлттық сусындарымызды маркетингтік тәсілдерді пайдалану арқылы елімізге көптеп тарату қажет. Ұрпағымызды ата-бабадан қалған асыл мұраны танып, біліп, пайдалануға үйретіп, тәрбиелеген абзал. Оларды ұлттық брендке айналдырып, мақтаныш етейік. Осылайша салауатты өмірімізді шырайландырып, денсаулығымызды күшейтсек, нұр үстіне нұр емес пе?!

     Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

 

08.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24282
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23946
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41409
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37320
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41648