Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Юнус Эмре институтының президентімен кездесті

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Юнус Эмре институтының президентімен кездесті

2026 жылғы 28 қазанда Анкарада Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Юнус Эмре институтының жаңадан тағайындалған президенті, профессор, доктор Селим Аргунмен кездесті.

Кездесу барысында профессор Ақтоты Райымқұлова Селим Аргунды жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі. Сондай-ақ Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Юнус Эмре институты арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі кеңейіп, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы нығая түсетініне үміт білдірді.

Өз кезегінде профессор, доктор Селим Аргун Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қызметін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі әрі дайын екенін жеткізді.

Кездесу барысында тараптар түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және халықаралық деңгейде насихаттау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Бірлескен басылымдар әзірлеу, ғылыми және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру, тәжірибе алмасу, сондай-ақ цифрлық платформалар арқылы түркі әлемінің бай мәдени мұрасын халықаралық аудиторияға кеңінен таныту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

30.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 142
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 281

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29004
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28552
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45836
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41469
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46143