ҰЛТ РУХАНИЯТЫНА ТАМЫЗЫҚ БОЛҒАН ОТЫРЫС

ҰЛТ РУХАНИЯТЫНА ТАМЫЗЫҚ БОЛҒАН ОТЫРЫС

 

20 мамыр күні «Qazaqstan dauiri» газеті ЖШС Бас директоры, журналист, публицист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Абдрахман Мирас Зікірияұлымен жұмыс барысында  кездесті. 

Екеуара әңгіменің өзегі бүгінгі Астана қаласының даму қарқыны, қоғамдағы өзгерістер, экономикалық даму, алдағы саяси кезең Құрылтай сайлауы,  жастар мәселесі, қазақ басылымдарының жай-күйі т.б. түйткілді проблемалар төңірегінде өрбіді. 

Сөз орайында Сәуле Мешітбайқызы Мирас Зікірияұлына Астана қаласы әкімдігінің баспасөз өкілдеріне үнемі қолдау білдіріп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі, «Қоғаммен байланыс» мекемесі және Ішкі саясат басқармасымен 20 жылға жуық уақыттан бері тығыз байланыс орнап, сол жүйенің қалыптасуына өзіндік үлес қосылғанын жеткізді. Алдағы уақытта да бұл әріптестік жалғасын табатынына сенім білдіріп, ризашылығын жеткізді.

 Өзі басқарып отырған  «Qazaqstan dauiri» газеті Астана қаласының тыныс-тіршілігін, Астана әкімшілігінің белсенді іс-әрекеттерін, қоғаммен байланыстарын басылым бетіндегі арнайы ашылған «Астана ажары» айдары арқылы оқырманға ұсынып, елорданың жетістігіне бірге қуанып келе жатқанын әңгімеледі. Сонымен қатар «Qazaqstan dauiri» газетінің заң шығарушы орган – Парламенттегі Мәжіліс пен  Сенатта арнаулы тілшілері, сондай-ақ «Халық және Президент», «Халық және партия» айдарлары бар екенін, «Парламент және Халық» айдарында Үкімет пен  депутаттардың заң жобасына қатысты ой-пікірлер жарық көріп отыратынын жеткізді. Оқырмандардың да заңдық тұрғыдан көзін ашуға бұл айдардың септігі тиіп жатқаны да айтылды.  Әр салаға жауапты министрліктермен тығыз қарым-қатынас орнатқанның арқасында, ұлт мүддесі үшін істеліп жатқан игі істер басылым бетінде алғашқылардың қатарында оқырманға жеткізілетіні баяндалды.

Алда келе жатқан саяси науқан – Құрылтай сайлауына да басылымның сақадай сай екені тілге тиек етілді. Бұл кездесуде мемлекеттік тіл мәселесі, қазақ мектептерінің жай-күйі, қоғам тынысы, баспасөзге жазылу мәселесі т.б. өзекті дүниелер әңгімеге арқау болды.

Сәуле Мешітбайқызының әр сөзін ілтипатпен тыңдаған Мирас Зікірияұлы сөз тізгіні тигенде  ел Президентінің салиқалы саясаты, ішкі тұрақтылық, қоғаммен байланыс,  алдағы саяси науқан – Құрылтайға дайындық, Астана әкімшілігі «Қоғаммен байланыс»  және ішкі саясат  жұмысының барысына ерекше тоқталды.

Мирас Зікірияұлы Сәуле Мешітбайқызына өзі басшылық жасап отырған «Qazaqstan dauiri» газеті арқылы Астана қаласының жетістіктері мен атқарылып жатқан жұмыстарына әрдайым қолдау білдіріп келе жатқаны үшін алғысын жеткізді. Сонымен қатар алдағы уақытта да өзара байланысты нығайтып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Жылы жүздесу соңында Сәуле Мешітбайқызы «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Абдрахман Мирас мырзаға «Qazaqstan dauiri» газетінің 30 жылдығына орай шыққан, басылымның тарихы туралы «Ұлт шырағы» кітабы мен өзінің «Намыс қайрағы» атты қос кітабын тарту етті.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
28.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25441
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24928
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42350
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38202
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42699