Түркістан облысындағы ең ірі су қоймасында су есебін автоматтандыру үшін датчиктер орнатылды

Түркістан облысындағы ең ірі су қоймасында су есебін автоматтандыру үшін датчиктер орнатылды

Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, Шардара су қоймасындағы су есебін автоматтандыру жобасын жүзеге асырып жатыр.

 Жоба аясында деректерді онлайн режимде беретін 8 гидротехникалық нысанға су деңгейі мен су шығынын өлшейтін 11 датчик орнату көзделген. Бұл суды дәлірек есепке алуға және қолмен өлшеу қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді.

 Бүгінде монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Шардара көпіріне үш су есептеу құралы, «Шардара-Жетісай» көпіріне екі құралдан орнатылды. Сонымен қатар Шардара магистральдық каналына, «Тәуелсіздіктің 20 жылы» каналына, Арыс өзеніндегі гидробекетке, Қызылқұм каналындағы көпірге, сондай-ақ Көксарай контрреттегішінің су жеткізетін және су бұратын каналдарындағы көпірлерге бір-бірден құрал орнатылды.

 «Шардара су қоймасындағы су есебін автоматтандыру ЕАДБ гранттық қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастаманы іске асыру су ресурстарын ашық әрі тиімді басқаруға берік технологиялық негіз қалыптастырып, төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтады және еліміздің су шаруашылығы кешенін сапалы жаңа деңгейге көтереді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

11.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 286
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 197
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 206

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26871
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26314
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43691
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39470
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44071