ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АҚТОТЫ РАЙЫМКҰЛОВА СТАМБҰЛДАҒЫ TRT WORLD FORUM 2025 АЯСЫНДА ӨТКЕН САРАПШЫЛАР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІНЕ СПИКЕР РЕТІНДЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ АҚТОТЫ РАЙЫМКҰЛОВА СТАМБҰЛДАҒЫ TRT WORLD FORUM 2025 АЯСЫНДА ӨТКЕН САРАПШЫЛАР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІНЕ СПИКЕР РЕТІНДЕ ҚАТЫСТЫ

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Ыстамбұл қаласында өткен TRT World Forum 2025 аясындағы «Мәдени дипломатия және Орталық Азиядағы ұжымдық бірегейлік: өңірлік байланыс пен бірлікке бастайтын жолдар» атты сарапшылардың дөңгелек үстелінде спикер ретінде сөз сөйледі.

Панель барысында А.Райымқұлова Қордың қызметі, сондай-ақ түркі әлеміндегі мәдени интеграцияны нығайтуға бағытталған ағымдағы жобалар мен бастамалар туралы баяндады.

Сонымен қатар, ол Қордың ЮНЕСКО, ИСЕСКО, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы, ТҮРКПА және өзге де халықаралық институттармен ынтымақтастығын атап өтті. Бұл серіктестіктердің арқасында түркі әлемінің дауысы жаһандық деңгейде естілетінін ерекше айтты.

Ақтоты Райымқұлова халықтарды жақындастырудағы академиялық алмасулардың, ортақ тіл мен білім беру бағдарламаларының маңыздылығын атап өтіп, Қор жүзеге асырған бірқатар бастамаларға тоқталды. Олардың қатарында «Түркі әдебиетінің інжу-маржандары», «Түркі әлемінің ғылыми інжу-маржандары», «Түркі әлемінің көрнекті тұлғалары», «Түркі әлемінің тарихи інжу-маржандары» атты кітап сериялары мен халықаралық деңгейде білім беру және ағартушылық рөл атқаратын TurkDiscovery цифрлық платформасы бар.

Сонымен қатар, ол Қордың мәдени мұраны сақтау және ілгерілету бағытындағы жобалары туралы айтып өтті. Атап айтқанда: «Түркі әлемінің мәдени коды» атты мәдени мұра каталогы, «Түркі фольклорының мұрасы» атты көптомдық және көптілді басылым, «Диуани Лұғат әт-Түрк» еңбегінің 950 жылдығына арналған халықаралық конференция, Ашиг Алескер мен Узеир Гаджибейлидің мерейтойлық шаралары, «Гурама» өнер фестивалі, «МИРАС» этнодизайнерлер форумы және басқа да маңызды бастамалар.

А.Райымқұлованың айтуынша, Қордың басты мақсаты – өткеннің мұрасын болашақтың құндылығына айналдырып, мәдениет арқылы халықтар арасындағы тұрақты ынтымақтастықты, диалог пен бірлікті нығайту.

Сессияға TRT World телеарнасының жүргізушісі әрі тілшісі Джафар Хаснаин модераторлық етті. Сонымен бірге Қырғыз Республикасының бұрынғы Премьер-министрі Жоомарт Оторбаев, Қырғыз Республикасының бұрынғы мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманкулов, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев және Еуропалық одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс сөз сөйледі.

Пікірталас барысында мәдени дипломатияның, ортақ бірегейліктің және ортақ мұраның Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамытудағы рөлі талқыланды. Іс-шараға халықаралық ұйымдардың өкілдері, мемлекет қайраткерлері, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

17.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19998
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19816
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34965
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33525
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37340