Түрік Мәдениеті мен мұрасы қоры Ақтауда Бекет Ата халықаралық конференциясын өткізеді

Түрік Мәдениеті мен мұрасы қоры  Ақтауда Бекет Ата халықаралық конференциясын өткізеді

Түрік Мәдениеті мен мұрасы қоры мен Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімдігінің бірлескен ұйымдастыруымен Ақтау қаласында көрнекті сопы пірі әрі ағартушы Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

Іс-шарада Түрік Мәдениеті мен мұрасы қоры атынан ұйымның жоба менеджері Талғат Мұханов қатысып, қор жүзеге асырып жатқан мәдени жобалар, әсіресе түркі халықтарының ортақ мұрасын зерттеу және насихаттау бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ол Бекет ата Мырзағұлұлының мұрасының түркі әлемінің рухани бірлігінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, бұл мұраны халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан кеңірек зерттеудің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара «Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында өтуде. Конференцияда Бекет атаның бай рухани-философиялық мұрасы, оның түркі дүниесінің мәдениетіндегі орны, сондай-ақ Оғланды мен Ескі Бейнеудегі киелі жерасты мешіттерін сақтау және насихаттау мәселелері күн тәртібіне шығарылды.

Конференция түркі мемлекеттерінің ғалымдары мен халықаралық ғылыми орталықтардың өкілдерінің қатысуымен ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Орталық Азияның бірегей діни-архитектуралық мұрасын әлемге танытуға үлес қоспақ.

Басқосудың негізгі ғылыми бағыттары жерасты мешіттерінің сәулеттік-тарихи маңызын және олардың қорғау мәртебесін зерттеуге, сондай-ақ заманауи реставрация, қорғау және туризм тәсілдерін қолдануға арналмақ. Осы тақырыптар аясында ғалымдар мен мамандар жерасты мешіттерінің діни-мәдени мұрадағы рөлін, оларды сақтау және келер ұрпаққа жеткізу мәселелерін талқылайды.

Іс-шараның тақырыптық бөлімдері екі негізгі бағытты қамтыды. Бірінші бөлім: тарихи-мәдени мұра – Бекет ата мешіттерін сақтау, реставрациялау және таныту, сондай-ақ қасиетті туризм мен тұрақты даму мәселелерін алға тартады. Екінші бөлім: тарих пен этнография – архив пен деректанулық зерттеулерге, рухани мұраның қазіргі қоғамдағы рөлін ғылыми тұрғыдан талдауға арналды.

Конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, сондай-ақ Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Башқұртстаннан келген университет оқытушылары, белгілі ғалымдар, археология, сәулет, реставрация, музейтану, дін тарихы мен этнография саласындағы мамандар, сондай-ақ халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.

Конференция тек ғылыми диалогты күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар түркі дүниесінің ортақ мәдени мұрасын қорғауға және оны халықаралық деңгейде насихаттауға маңызды үлес қосатын алаңға айналмақ.

«Әдебиет және өнер»

29.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 239
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 379
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 226
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 74

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18163
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18027
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33213
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31766
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35459