Тағы екі колледж жаңа оқу жылынан бастап су саласына мамандар даярлауды бастайды

Тағы екі колледж жаңа оқу жылынан бастап су саласына мамандар даярлауды бастайды

2026-2027 оқу жылынан бастап су шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлайтын колледждердің тізімі тағы екі оқу орнымен толығады.

 О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі «Техник-гидролог» және «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандықтары бойынша кадр даярлауды бастайды. Ал Қарағанды облысындағы Теміртау жоғары политехникалық колледжінде «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша мамандар даярланады.

 Қазіргі уақытта су шаруашылығы саласы үшін кадрлар даярлауды 757 студент оқитын 8 арнаулы орта оқу орны жүзеге асырады. 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша аталған колледждерді 208 түлек тәмамдады.

 «Осы колледждерде білім алып жатқан болашақ су мамандары өндірістік тәжірибеден «Қазсушар» РМК филиалдарында өтеді. Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын барлық оқу орнымен тиісті меморандумдарға қол қойған. Биыл су саласында өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер саны былтырмен салыстырғанда екі есеге жуық артты. Колледждерде студенттер «Гидротехникалық құрылыс», «Гидротехникалық мелиорация», «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» және «Гидрогеология» мамандықтары бойынша білім алып жатыр», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Марат Иманалиев.

 

 ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

22.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25981
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25428
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42832
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38655
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43229