СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

СТУДЕНТТЕРГЕ  АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Елордадағы Esil University базасында жастар мен жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз компанияларын таныстырып, үміткерлермен әңгімелесу өткізді. Қатысушылар HR-мамандармен тікелей сөйлесіп, жұмысқа орналасу жөнінде сұрақтар қойып, түйіндемелерін қалдырып, карьералық кеңестер алды.

Жәрмеңкеде Сарыарқа аудандық полиция басқармасы, Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Ұлттық статистика бюросы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, «Danmard» ЖШС, «Қазпошта» АҚ және басқа да ұйымдар өз бос жұмыс орындарын ұсынды.

«Біз елордадағы жұмыспен қамту орталықтарымен және еңбек мобильділігі орталығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Жұмыс берушілермен меморандумдар жасасып, университет базаларында осындай жәрмеңкелер ұйымдастырамыз. Мұндай алаңдарда жастар компания өкілдерімен бетпе-бет сөйлесіп, сұхбаттасу мен тәжірибе жинау мүмкіндігіне ие болады. Әр ұйымның еңбекақы бойынша өз саясаты бар, бірақ ең бастысы – карьераның тәжірибеден басталатынын ұғыну», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Сұлтан Өмірғалиев.

Оның айтуынша, бұл – жыл ішіндегі екінші жәрмеңке. Алдағы уақытта мұндай бастамаларды барлық елордалық жоғары оқу орнында өткізу және қалалық деңгейдегі ірі іс-шараларға айналдыру жоспарланып отыр.

Esil University-дің «Бизнес және қаржы» факультетінің 3-курс студенті Әдият Имандос мұндай іс-шаралардың тиімділігін атап өтті:

«Осындай жәрмеңкелерде жұмыс берушілермен тікелей танысып, сұрақ қоюға мүмкіндік бар. Бұл әдеттегі сұхбаттан әлдеқайда пайдалы», – деді ол.

Ал экономикалық факультеттің 3-курс студенті Әнел Әміре өз кәсіби мақсаты туралы ой бөлісті:

«Болашақта білікті экономист болып, банк саласында жұмыс істегім келеді. Мұндай жәрмеңкелер студенттер үшін пайдалы, өйткені өз қабілетіңді көрсетіп, алғашқы жұмыс орныңды табуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Жәрмеңке Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, «Еңбек мобильдігі орталығы» және Esil University бірлесіп ұйымдастырды.

 

Нағашыбай Қабылбек
12.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19998
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19816
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34965
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33525
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37340