Шекара шебіндегі кездесу: депутат Ғани Шаймарданов шекарашылардың мәселесін өз көзімен көрді

Шекара шебіндегі кездесу: депутат Ғани Шаймарданов шекарашылардың мәселесін өз көзімен көрді

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ғани Шаймарданов қыс мезгілінің күрделі жағдайына қарамастан, моторлы қар шаңғысымен шекара шебінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілерге арнайы барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен және өзекті мәселелерімен танысып қайтты.

Ел іргесін күзету – аса жауапты әрі қиын қызмет. Қиырдағы, жол қатынасы шектеулі аумақтарда орналасқан шекара заставаларында сарбаздар күн-түн демей Отан тыныштығын қорғап отыр. Депутаттың айтуынша, дәл осындай ел назарынан тыс қалып жататын аумақтардағы шекарашылардың жағдайын көру – маңызды.

– Шекара – мемлекеттің қауіпсіздігінің негізі. Қандай ауа райы, қандай жағдай болса да, шекарашылар өз міндетін мінсіз атқарып келеді. Жаңа жыл мерекесіне қарамастан, ешқандай техника бара алмайтын алыс нүктелерге қар шаңғысымен жетіп, сарбаздардың жағдайын өз көзіммен көрдім. Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер бар екенін аңғардым, – деді облыстық мәслихат депутаты Ғани Шаймарданов.

Дәстүрлі форматтан тыс өткен бұл кездесу барысында әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, әлеуметтік қолдау мәселелері қозғалды. Депутат көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмай, тиісті органдарға жеткізілетінін атап өтті.

Шекарашылардың ел қауіпсіздігі жолындағы қызметі әрдайым мемлекет қамқорлығында болуы тиіс. Себебі олар – тәуелсіздіктің қалқаны, бейбіт өмірдің берік тірегі.

Айта кету керек, Ғани Шаймарданұлы өңірдегі қауіпсіздік инфрақұрылымын дамытуға да белсенді атсалысып келеді. Оның тікелей мұрындық болуымен Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарында өрт сөндіру деполарының құрылысы жүзеге асырылды. Бүгін бұл екі ауданда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен заман талабына сай жаңа өрт сөндіру бекеттері салтанатты түрде ашылды.

Аталған нысандар шалғай аудандардағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Өңірде шекара қауіпсіздігін нығайту мен азаматтық қорғау саласын дамытуға бағытталған мұндай бастамалар ел тыныштығын сақтауда айрықша рөл атқарады.                                                                                         

Тәттімбек Асханұлы 

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің 

ШҚО бойынша меншікті тілшісі

08.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21947
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21722
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37278
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35303
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39361