«Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен бейбітшіліктің негізі»

«Рухани келісім – Қазақстандағы   бірлік пен   бейбітшіліктің   негізі»

Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқасында жеттік. Елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел басқарған парасатты басшылар қашан да бірлік пен татулыққа аса мән берген. Күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ топырағына бейбітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бастама. 

 

Өткен аптада Алматыда  Рухани келісім күніне арналған Республикалық форум өтті. «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен бейбітшіліктің негізі» тақырыбымен өткен форумға мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, ғылыми қауымдастық пен азаматтық сектордың өкілдері қатысты. Форум қазіргі қоғамдағы рухани құндылықтардың рөлін талқылауға арналған басты қоғамдық диалог алаңы болды. Мұнда цифрландыру үдерісі мен жастардың дүниетанымдық бағдарларының өзгеруі сияқты жаңа сын-қатерлер жағдайында рухани келісімнің маңыздылығы қарастырылды. «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен бейбітшіліктің негізі» форумын Алматы қаласы Дін істері басқармасы және «Social Development Center» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Форумның мақсаты – конфессияаралық диалог дәстүрлерін нығайту, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің қорытындыларын талқылау, сондай-ақ Қазақстан өңірлері арасында бейбітшілік, өзара құрмет пен толеранттылық идеяларын ілгерілету тәжірибесімен алмасу болды. Сарапшылар форумда пікірлерін ортаға салды. Дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайту, кез келген нысандар мен көріністегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына халықтың иммунитетін қалыптастыру жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

Форум ашылуында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры,  профессор, PhD докторы Ахмед Хусейн Мухаммад Ибраһим, дінтанушы теолог, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Асанов Нұрлан Байжігітұлы, Наварра университетінің (Испания) моральдық теология саласындағы PhD докторы, университетінің қауымдастырылған профессоры Santiago De Lasala Porta, Maqsut Narikbaev University  Ислам және қазақ құқығы орталығының директоры Сабдин Асқар Қалымжанұлы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының стратегиялық талдау бөлімінің жетекшісі Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы сөз алып, пікірлерін білдірді. 

Форум аясында өткен «Ортақ болашақ жолындағы мемлекет, қоғам және діни бірлестіктердің әріптестігі» бірінші панельдік сессиясында  Алматы қаласының бас имамы Оспан Төлеби Дәділұлының,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы, «Голгофа» евангелиялық христиан-баптистер шіркеуінің орталығының жетекшісі, пастор Алексей Викторович Лубошников, Рим-католик шіркеуінің Қасиетті Үштік куриясының өкілі Карлос Замарро Лаоздың сөзі, «Ассамблея Бога-Шанырақ» шіркеуінің пасторы Хайдаров Еркін Мұхтарұлы, Физик, дінтанушы, сарапшы Болатжан Әл-Фараби Нұрбекұлы баяндама жасады. 

Екінші  панельдік сессия тақырыбы «Жастар және рухани құндылықтар: ұрпақтар диалогы» болды. Үшінші сессия «Жасанды интеллект дәуірінде рухани бағдарлар» деген тақырыппен жалғасты. Қатысушылар рухани және адамгершілік құндылықтардың дәстүрлі негіздер мен технологиялық дамудың арасындағы тепе-теңдікті сақтаудағы маңызын талқылады. Сондай-ақ қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайту жолында мемлекет, дін және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін қарастырды.

«Бүгінде цифрлық орта жаңа буынның дүниетанымын қалыптастырып жатқан кезде, қоғамды біріктіретін адамгершілік құндылықтарды сақтау ерекше маңызды. Рухани келісім – бұл абстрактілі ұғым емес, елдің тұрақты дамуының нақты негізі», – деді Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов.

Қазақстан көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет ретінде Ата Заңы діни сенім бостандығына кепілдік береді, плюралистік ортада ұлттық және сенімдегі айырмашылықтарды құрметтеуге шақырады. Сондай-ақ мемлекет конфессияаралық диалог пен конфессияаралық келісімді нығайту саясатын қолдайды. Рухани келісімге қол жеткізуге бағытталған күш-жігердің бір бөлігі ретінде мемлекет шағын этностардың дәстүрлі діни мәдениеттерін сақтауға және дамытуға да назар аударады, бұл елдегі рухани әртүрлілік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді. Форум соңы панельдік пікірталасқа жалғасып, қатысушылар өзара ой-пікірлерімен бөлісті. 

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА,

Алматы қаласы

 

30.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20123
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19955
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33651
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37479