Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын елдегі үздік журналистерді кәсіби шеберлігі мен қоғамдағы маңызды тақырыптарды көтерудегі еңбегі үшін дәстүрлі «Парламент сөзі» сыйлығымен марапаттайды. Биыл осы мәртебелі марапатқа әріптесіміз, «Qazaqstan dauiri» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының басшысы, Бас редактордың орынбасары Нағашыбай Қабылбек лайық деп танылды.
Әріптесіміз «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігінің жоғары бағаланғанын дәлелдеді.
Бұл – Нағашыбай Қабылбектің ғана емес, тұтас «Qazaqstan dauiri» газетінің шығармашылық ұжымы үшін үлкен мәртебе, зор абырой және айтулы жетістік. Бұл марапат – газетіміздің ел өміріндегі маңызды саяси үдерістерді, Парламент қызметін, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді сапалы әрі кәсіби деңгейде тұрақты жариялап келе жатқан еңбегінің жемісі.
Әріптесімізді осы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, мықты денсаулық, қаламыңызға қуат, кәсіби жолыңызда толайым табыс пен жаңа биіктер тілейміз! Бұл жеңіс алдағы үлкен жетістіктердің бастауы болсын!
«Qazaqstan dauiri» газеті,
«Мөлдір бұлақ» журналы,
«ЕлАна» сайты ұжымдары














