Қос палаталы Парламент тарих қойнауына кетті

Қос палаталы Парламент тарих қойнауына кетті

30 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Бұған дейін белгілі болғанындай, тәуелсіз Қазақстанның заң шығарушы органы ретінде отыз жылдан аса қызмет еткен қос палаталы Парламент осылайша тарих қойнауына енді. Құзырлы мекемелер таратқан мәліметке сенсек, қос палаталы Парламент 1995-2026 жылдар аралығында 3,5 мыңға жуық заңды қабылдаған екен. Оның ішінде 38 кодекс, 1400-ден астам халықаралық ратификация бар.30 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Бұған дейін белгілі болғанындай, тәуелсіз Қазақстанның заң шығарушы органы ретінде отыз жылдан аса қызмет еткен қос палаталы Парламент осылайша тарих қойнауына енді. Құзырлы мекемелер таратқан мәліметке сенсек, қос палаталы Парламент 1995-2026 жылдар аралығында 3,5 мыңға жуық заңды қабылдаған екен. Оның ішінде 38 кодекс, 1400-ден астам халықаралық ратификация бар.30 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті. Бұған дейін белгілі болғанындай, тәуелсіз Қазақстанның заң шығарушы органы ретінде отыз жылдан аса қызмет еткен қос палаталы Парламент осылайша тарих қойнауына енді. Құзырлы мекемелер таратқан мәліметке сенсек, қос палаталы Парламент 1995-2026 жылдар аралығында 3,5 мыңға жуық заңды қабылдаған екен. Оның ішінде 38 кодекс, 1400-ден астам халықаралық ратификация бар.

Бүгінгі бірлескен отырысқа келіп қатынасып, сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің арғы-бергі тарихына тоқтала келіп, еліміздің саяси өміріндегі сабақтастықтар туралы сөз қозғады. 

– Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді. Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын елімізде тұңғыш кәсіби Парламент құрылды. Мүлде жаңа институционалдық үлгіге көшкен заң шығарушы орган мемлекеттігімізді нығайтуға елеулі үлес қосты, сондай-ақ еліміздің құқықтық негізін қалыптастыру және нарықтық экономиканы орнықтыру ісінде маңызды рөл атқарды, – деді Президент.

– Парламент әрдайым уақыт талабына тез бейімделіп, қоғам сұранысына лайықты жауап бере алатын жасампаз құрылым болды. Парламент – мемлекетіміздің басты өкілді органы, қоғамның түрлі саласындағы кәсіби мамандарды бір мақсатқа тоғыстырды. Елімізде саяси және заңнамалық тұрғыдан сапасы жоғары парламенттік мәдениет қалыптасты. Бұл – Қазақстанды дамыған ел ретінде айқындайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі. Түптеп келгенде, Парламенттің әрбір шақырылымы Қазақстанның алға қарай нық сеніммен қадам басуына зор серпін берді, басқаша айтсақ, ұлтымыздың эволюциялық өрлеу жолының жарқын үлгісіне айналды, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы сөз арасында VIII шақырылым депутаттарының еңбегін бағалап, алғысын айтты.

– Әсіресе, Парламенттің қазіргі құрамына, яғни сіздерге алғысым зор. Бұл шақырылымды Қазақстанның жаңа тарихындағы ең мықты құрамның бірі деп сеніммен айтамын. Себебі сіздер мемлекетіміздің дамуындағы өте күрделі және шешуші кезеңде жұмыс істедіңіздер. Баршаңыз ел өмірінде болып жатқан ауқымды өзгерістердің бастауында тұрдыңыздар. Қаншалықты қиын болса да, түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру жолында табанды еңбек еттіңіздер. Сын сағатта жауапкершіліктен жалтармай, мемлекетіміз үшін аса қажетті реформаларды жүргізуге ұйытқы болдыңыздар.

Тек кейінгі үш жылдың өзінде 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды. Олардың қатарында еліміздің алдағы биік белестерінің сенімді арқауы болатын, тарихи мәні зор конституциялық заңдар мен кодекстер бар. Біз біртұтас ұлт болып мемлекетімізді түбегейлі жаңғырту ісін қолға алдық. Экономикадан бастап қоғамдық құндылықтар жүйесіне дейін – ел өмірінің барлық саласында ауқымды өзгерістер жасалды. Әрине, дәуірлік ауқымдағы мұндай реформалардың бел ортасында жүру – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік, –  деді Мемлекет басшысы.

Президент бұдан ары қарай алдағы даму жоспарымыз жайлы маңызды түйіндерге тоқталып өтті. Осылайша ел тарихында 31 жыл қызмет еткен қос палаталы Парламент тарады. Еліміз үшін биылғы жаз үлкен жаңалықтарымен есте қалатын түрі бар. Алда Құрылтай мүшелерін сайлау, онан ары қарай жаңа Үкімет құрамын жасақтау сынды маңызды жаңалықтар мол болғалы тұр. 

 

01.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26191
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25641
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43025
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38840
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43433