Қонаевтағы облыс әкімімен тағылымды жүздесу

Қонаевтағы облыс әкімімен тағылымды жүздесу

Газетіміздің басшысы Сәуле Мешітбайқызының Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр қаласында өткен қос шараға қатысқандығы жайлы бүгінгі нөмірде мақала жариялап отырмыз. Осы шаралар кезінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев алдағы аптада біздің басылымның басшыларын қабылдайтынын айтқан болатын.

Мінеки, әкім уәдесінде тұрып, осы аптаның дүйсенбісінде түс ауа, атап айтқанда, басылымымыздың  Бас директоры Сәуле Мешітбайқызын, «Qazaqstan dauiri» газетінің Бас редакторы Ертай Айғалиұлын, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлын және Маркетинг бөлімінің басшысы Ерлан Мыңтаевты қабылдады. Бір жарым сағат бойына өткен кездесуде сүбелі тақырыптарды қозғаған әдемі сұхбаттасу болды. 

Сәуле Мешітбайқызы өзінің кезегінде газеттің «Ауыл тағдыры – ұлт тағдыры» экспедициясының жыл сайын бүкіл республиканы аралайтынын, соның ішінде Алматы өңірінің аудан, ауылдары бұдан қалыс қалмай жүргенін жеткізді. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, насихаттайтын редакцияның көшпелі дөңгелек үстелі бірнеше облыстарда өткенін, алдағы уақытта мұндай шараны осы өңірде жүргізуге ниеттеніп отырғанын жеткізді. Басқа-басқа, соңғы кезде жасөспірімдер мен балалардың арасындағы қатыгездік етек жайғанын басшымыз қынжыла тілге тиек етті. Әрине, бұл жүздесуде басылымға жазылудың кенжелеп қалғанын да журналистер ортаға салды. 

Өткізілген мұндай шаралардан бағамдағанымыз, облыс басшысының қарапайымдылығы, парасаттылығы, халықпен етене араласатын елгезектігі бізді риза етті. Сондай-ақ өзі басқарып отырған өңірдегі жағдайларды жетік білетіндігі, қай тақырып, қай сала болса да тереңдеп жауап беріп, біз қойған мәселелерге ұсақ-түйек демей ыждаһатпен тыңдап, нақты мысалдармен әңгімесін өрбітіп отырды. Әсіресе ол ұрпақ тәрбиесіне ерекше алаңдайтынын, оны бүгінгі күннің ең басты тақырыбы ретінде сөз етті. Шынында да мектепте өткен кездесуде әкім қарадомалақтармен етене сөйлесіп, оларға шын жүрегімен батасын бергенін көргенде, сондағы көпшілікпен бірге біз де оның өте балажан азамат екеніне сүйсіндік. 

Алдағы уақытта бұл өзара сұхбатымыз газетімізде толық жарияланады. Сондай-ақ газет-журналымызда өңірдің тыныс-тіршілігі жайлы мақалалар да жиі жазылады. Сөз соңында біз ұлттық құндылықтарымызды өзек ететін көшпелі дөңгелек үстелді өткізу жайлы да уағдаластық. 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ

 

14.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 22
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 23
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 26
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 21

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25118
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24641
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42064
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37927
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42397