Қазақстандық су саласының мамандары Қытайда су ресурстарын кешенді басқару бағытында білім алып жатыр

Қазақстандық су саласының мамандары Қытайда су ресурстарын кешенді басқару бағытында білім алып жатыр

Биыл Қазақстанның су шаруашылығы саласындағы мамандарының алғашқы легі Қытайға аттанды. Олар су ресурстарын басқару жүйелерін жоспарлау және іске асыру тәжірибесімен, сондай-ақ су ортасын кешенді сауықтыру технологияларымен танысуға арналған семинарға қатысып жатыр.

Семинар «Қазсушар» РМК мен Power China International Group Limited компаниясы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум, сондай-ақ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында ұйымдастырылған.

Оқу бағдарламасы Чанша қаласында өтіп жатыр. Барлық шығынды Қытай тарапы өз мойнына алған. Алғашқы топ құрамында 34 маман бар. Жалпы жыл соңына дейін Қытайда шамамен 200 қазақстандық маман біліктілігін арттырмақ.

«Курстардың тақырыптық бағыты Қытайдағы су шаруашылығын жоспарлау және іске асыру мәселелерін, су ресурстарын әкімшілік басқаруды, судың ластануымен күрес саласындағы ҚХР мемлекеттік саясатын, су ортасын кешенді сауықтыру технологиялары мен олардың даму бағыттарын қамтиды. Сонымен қатар Қытайдың су шаруашылығы мен қалалық инфрақұрылым саласындағы тәжірибесін зерделеу мақсатында Чанша, Шэньчжэнь және Гуанчжоу қалаларына бару қарастырылған», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Еске салсақ, былтыр Power China компаниясының базасында 125 қазақстандық су маманы біліктілікті арттыру курсынан өткен болатын. Соның нәтижесінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қытай тарапы биыл да бірлескен білім беру бағдарламасын жалғастыруға келісті.

14.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 22
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 23
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 26
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 21

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25118
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24641
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42064
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37927
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42397