Қазақстанда вегетация кезеңі басталғалы тұрақты суаруға шамамен 6 млрд текше метр су алынды

Қазақстанда вегетация кезеңі басталғалы тұрақты суаруға шамамен 6 млрд текше метр су алынды

 Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов елімізде вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мәселесіне арналған аппарат кеңесін өткізді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда республика бойынша егістікті суаруға жалпы көлемі 5,9 млрд текше метр су алынып, 701 мың гектар егіс алқабы суарылды.

 Болжамға сәйкес, биылғы вегетация маусымында республика бойынша 1,2 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабын суару үшін шамамен 11 млрд текше метр су алу жоспарланып отыр.

 Вегетация кезеңі басталғалы еліміздің шаруаларымен суару суын жеткізу бойынша 35 309 келісімшарт жасалды. Оның 26 585-і Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген биллинг жүйесі арқылы «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен электронды форматта рәсімделген.

 Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жалпы 829 мың гектар егіс алқабын суаруға арналған 33 645 келісімшарт жасалған. Оның ішінде 77,7 мың гектары күріш алқаптарына тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, бүгінге дейін Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5,8 млрд текше метр су алынып, 585 мың гектар суармалы жер суарылды. Оның ішінде 77,7 мың гектар күріш алқабы толықтай сумен қамтамасыз етілді.

 «Былтыр оңтүстіктегі облыстарда биылғы вегетация маусымына дайындық аясында көшпелі кеңестер өткізілді. Онда су тұтыну лимиттерін қатаң сақтау, ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін кезең-кезеңімен қысқарту, егіс құрылымын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын міндетті түрде енгізу қажеттігі ерекше атап өтілді. Осы өңірлердің әрқайсысында жағдайды тұрақты бақылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін арнайы жұмыс топтары құрылды. Қазіргі ауа райы жағдайында белгіленген барлық су пайдалану лимиттерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету аса маңызды», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

14.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26385
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25822
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43217
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39017
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43615