Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Елімізде бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары 13%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы ақпанда 33,8% артты.
«Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында баға жылдық мәнде Ақтөбе (25,4%) және Ақтау қалаларында (25,2%) едәуір қымбаттады. Пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің көшбасында Семей (41%), Қызылорда (39,9%), Ақтөбе (36,9%), Ақтау (35,4%), Қостанай (30,9%) қалалары тұр. Ал тұрғын үйді жалға алу бойынша жоғары өсім Көкшетау (53,7%), Қостанай (51,9%), Алматы (49,6%) және Петропавл (49,3%) қалаларында тіркелді», – делінген хабарламада.
Бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 0,3%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда 0,2% өсті.

turkystan.kz.
10.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Бауырлас елдерді барласақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 15.01.2026 137

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22312
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22071
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37806
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35658
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39712