Өндірісті өңірдегі оң істер

Өндірісті  өңірдегі  оң  істер

Өткен аптада Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Qazaqstan dauiri» халықаралық газетінің, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «ЕлАна» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының Бас редакторы Сәуле Мешітбайқызымен кездесті.

Келелі кездесуде қоғам өміріндегі көптеген өзекті мәселелер айтылып, тіл, дін, тарих, заманның бүгінгі қажеттіліктері және басқа да алуан ұлттық тақырыптар жайында сөз қозғалып, пікір алмасты.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов өңірдегі туризм саласын дамытудың бірінші кезектегі маңызына тоқталды. Туризмге құйылған инвестиция осы саланың өркендеуімен қатар, өңірдің жалпы экономикалық және әлеуметтік дамуына да оң ықпал ететіні туралы айтты. Сондай-ақ ол өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және бұқаралық спортты дамыту  бойынша атқарылып жатқан жұмыстар  тізбегіне тоқталды.  Ол Маңғыстау өңірінде жүзеге асырылып жатқан мәдени жобалар ұлттық құндылықтарды дәріптеуде айрықша маңызға ие екенін айтты. Шынтуайтында, Ақтаудың  «Түркі әлемінің мәдени астанасы атануы» өңірдің мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналды. Ақтау төрінде ұйымдастырылған бұл ауқымды іс-шара түркі халықтарының рухани тамырластығын айқын көрсетіп, ортақ тарихы мен мәдени бірлігін тереңдете түсті. Өңіраралық мәдени тәжірибе алмасу өнерпаздардың шығармашылық байланысын нығайтып, жаңа бастамаларға жол ашты.

Сондай-ақ бүгінде өңірде болашақ чемпиондарды дайындау үшін спорттық нысандардың қолжетімділігі мен ашықтығына баса назар аударылады әрі кешенді шаралар қабылданып жатыр. Биыл  тұңғыш рет спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжі ашылды. Сондай-ақ Ақтау қаласында халықаралық талаптарға сай мұз айдыны іске қосылды. Облыста спорттық инфрақұрылымды нығайтуды жалғастыру, қалада және ауылдарда спортпен айналысуға тең қолжетімділікті қалыптастыру  үшін қолайлы жағдай жасау, жастарды спорттық өмірге белсенді тарту бағытында іргелі жобалар жүзеге асырылып жатыр. 

Өз кезегінде Сәуле Мешітбайқызы елдің ертеңіне деген сенім берік, жарқын күндер  жақын болуы үшін «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді», «Өшер елдің баласы өнбес дауға өш болады» дегендей, барды бағалай біліп, бос сөзге даурықпай, аянбай еңбек етудің маңызын атап өтті. Киелі түбектегі оң өзгерістерге көңілі толған Сәуле Мешітбайқызы  Маңғыстау облысының кешенді жаңғыруы – мемлекеттік саясаттың тиімділігін, жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысын және өңірдің әлеуетін дұрыс пайдалану нәтижесін айқын дәлелдейтінін атап өтті. 

Өңір басшысының орынбасары атап өткен бастамалар мен атқарылған жұмыстардың барлығының түпкі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету және  Маңғыстау облысын еліміздің жетекші аймақтарының біріне айналдыру екенін ескерді. 

Голрох ЖЕМЕНЕЙ,

Маңғыстау облысы

 

22.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24557
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24218
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41672
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37563
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41941