Парижде Түркі әлемінің материалдық және материалдық емес мұрасын сақтау мәселелері бойынша стратегиялық кездесу өтті

Парижде Түркі әлемінің материалдық және материалдық емес мұрасын сақтау мәселелері бойынша стратегиялық кездесу өтті

2026 жылғы 1 маусымда Париж қаласына жұмыс сапары аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова UNESCO Бас директорының мәдениет мәселелері жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, UNESCO Дүниежүзілік мұра орталығының директоры Лазар Элунду Ассомомен ресми екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу Түркі әлемінің мәдени және табиғи мұрасын жаһандық деңгейде сақтау, зерттеу және насихаттау, сондай-ақ UNESCO халықаралық конвенциялары аясындағы ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды мәнге ие болды.

Талқылау барысында Қор президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова UNESCO тарапына өзара ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған бірқатар стратегиялық ұсыныстарын таныстырды. Ұсынылған бастамалар тәжірибе алмасу, институционалдық өзара іс-қимылды дамыту және мәдени мұраны сақтау саласына цифрлық технологияларды енгізу бағыттарын қамтыды.

Өз кезегінде UNESCO Дүниежүзілік мұра орталығының директоры Лазар Элунду Ассомо Түркі мәдениеті және мұрасы қорының дүниежүзілік мұраны қорғау ісіндегі белсенді қызметіне және халықаралық конвенциялардың мақсаттарын жүзеге асыруға қосып отырған практикалық үлесіне жоғары баға берді. Сонымен қатар ол ұсынылған бастамаларды қолдауға және оларды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.

Кездесу ортақ мәдени мұраны болашақ ұрпаққа сақтау және жеткізу жолындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету жөніндегі уағдаластықпен аяқталды.

 

02.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25591
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25061
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42481
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38328
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42846