Өзбекстанмен келісімді ратификациялау және Шардара су қоймасына қосымша түсетін су көлемі: Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылдың басынан бері көршілес мемлекеттермен 38 келіссөз жүргізді

Өзбекстанмен келісімді ратификациялау және Шардара су қоймасына қосымша түсетін су көлемі: Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылдың басынан бері көршілес мемлекеттермен 38 келіссөз жүргізді

 Жыл басынан бері Су ресурстары және ирригация министрлігі көршілес мемлекеттермен 38 келіссөз өткізді. Оның 27-сі Орталық Азия елдерімен, 11-і ҚХР және Ресеймен жүргізілді.

 Атап айтқанда, Қырғызстан және Өзбекстанмен бірлесіп, биылғы вегетация кезеңіне Тоқтоғұл су қоймасы мен Үшқорған ГЭС-інің жұмыс режимі келісілді. Тәжікстан және Өзбекстанмен «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимі және «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы су беру мәселесі келісілді. Ал Қырғызстанмен Шу және Талас өзендері арқылы су беру режимдері екі рет келісілді.

 Орталық Азия елдерінің су шаруашылығы ведомстволарымен үйлесімді жұмыстың нәтижесінде биылғы вегетация кезеңінде Шардара су қоймасына түскен су көлемі болжамды көрсеткіштерден асып түсті.

 Сонымен қатар былтыр қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісім ратификацияланды.

 «Жыл соңына дейін 33 кездесу өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімді іске асырудың тұрақты тетігіне айналатын Қазақстан-Өзбекстан бірлескен комиссиясын құру мәселесі де қаралады. Сондай-ақ Сырдария өзені бассейніндегі су қоймаларының вегетацияаралық кезеңдегі жұмыс режимдерін бекіту, ресейлік әріптестермен бірлесіп трансшекаралық өзендер бассейндеріндегі су шаруашылығы балансын әзірлеу және басқа да іс-шаралар жоспарланған», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

 Еске салайық, тамыз айының басында Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Қазақстандағы алғашқы Су дипломатиясы департаменті құрылды. Жаңа департамент елдің трансшекаралық су объектілері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық комиссияларға қатысуын үйлестіреді, серіктес мемлекеттермен келіссөздер процесін сүйемелдейді, сондай-ақ су саласындағы мемлекетаралық келісімдерді әзірлеу және іске асыру бойынша жұмысты жүргізеді.

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

13.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26919
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26359
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43730
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39515
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44111