МИТУ – Қазақстандағы жекеменшік жоғары оқу орындары арасында ғылымды коммерцияландыру бойынша №1

МИТУ – Қазақстандағы жекеменшік жоғары оқу орындары арасында ғылымды коммерцияландыру бойынша №1

2026 жылғы 11–12 ақпанда Алматы қаласында «Жоғары білім және ғылым: цифрландыру және жасанды интеллект жылы» тақырыбымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шара саланың даму қорытындыларын шығарып, алдағы жылдарға арналған стратегиялық бағыттарды айқындаудың маңызды алаңына айналды.

Отырыс барысында ғылым саласындағы негізгі сандық көрсеткіштерге талдау жасалып, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тетіктерін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Инновацияларды дамытуға, стартап-жобаларды қолдауға және жоғары білім беру жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

Іс-шараның басты тақырыптарының бірі – ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселесі болды. Бүгінде бұл бағыт ғылымды экономиканың нақты секторына тиімді түрде енгізуде шешуші рөл атқарады.

Спикерлердің баяндамаларында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің (МИТУ) аталған бағытта жоғары белсенділік танытып отырғаны ерекше атап өтілді. Университет ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бойынша Қазақстан Республикасында екінші орынды иеленсе, елдегі жекеменшік жоғары оқу орындары арасында сенімді түрде бірінші орынды иеленіп отыр. Бұл – университеттің инновациялық даму саласындағы көшбасшылық мәртебесін айқын дәлелі.

МИТУ ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттық қаржыландыру конкурстарына белсенді қатысып, ғылыми әзірлемелерді өндіріске және бизнес-ортаға енгізуде жүйелі тәсіл қалыптастырғанын көрсетуде.

Маңызды оқиғалардың бірі – инновациялық жобалар көрмесі болды. Онда университет нақты секторда сұранысқа ие болып, нарыққа шығарылған бірқатар өз әзірлемелерін ұсынды. Бұл – университеттің ғылыми әлеуетінің жоғары деңгейін және зерттеулердің практикалық бағыттылығын айқын дәлелдейді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша саланы одан әрі дамытуға бағытталған негізгі міндеттер айқындалды. Олардың қатарында ғылым мен білімді цифрландыруды жеделдету, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу, білім беру бағдарламаларын жаңарту және мамандар даярлау сапасын арттыру бар.

Өткізілген отырыс Қазақстанның заманауи ғылыми-білім беру жүйесін қалыптастыру жолында сенімді қадам жасап отырғанын көрсетті. Бұл жүйеде тек білім өндірумен ғана емес, оны экономикаға тиімді енгізумен де ерекшеленетін университеттердің рөлі ерекше. Осы тұрғыда МИТУ ғылым, білім және бизнес интеграциясының табысты үлгісі ретінде көрінеді.

 

16.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23465
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23128
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39386
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36626
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40765