Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму жоспарымен танысты

Мемлекет басшысы  Алатау қаласының даму жоспарымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусым күні Алматы облысына жұмыс сапары аясында Алатау қаласының даму барысымен танысты. Мемлекет басшысына шаһардың алдағы даму жоспары, инвестициялық жобалары мен инфрақұрылымдық мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл туралы https://www.akorda.kz/ хабарлады. 

Қазіргі таңда Алатау қаласының аумағы 88 мың гектарды құрайды. Қаланы 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамыту көзделіп отыр. Осы мақсатта шаһар 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар негізгі даму бағыттары мен табыс көздері айқындалып, магистралды инфрақұрылымды жетілдіру бойынша арнайы жол картасы әзірленген. Басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға арналған Конституциялық заң да қабылданды.

Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы қарқынды дамып келеді. Мұнда «Жайлы мектеп» жобасы аясында білім ордасы салынған. Сондай-ақ «Маревен Фуд Тянь-Шань», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Алатау қаласында жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын 53 инвестициялық жоба қолға алынған. Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыттың құрылысын жүргізіп жатыр. Ал Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін заманауи өндіріс орнын ашуды жоспарлауда. Сонымен қатар KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғылар шығарумен айналысса, «Исткомтранс» және G-Trans компаниялары логистикалық кластер қалыптастыру жұмыстарын қолға алған.

Сапар барысында Президентке Алатауда салынатын Iconic Complex жобасы да таныстырылды. Көпфункционалды озық кешен Gate District ауданында бой көтермек. Жоба қаланың жаңа сәулеттік келбетін айқындайтын маңызды нысандардың бірі болмақ.

Гүлшат Бақытжан

03.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

122 МЛН КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 04.06.2026 37
Орташа   жөндеу жұмыстары жоспарлануда
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Тараз қаласы - 04.06.2026 39
Жазғы лагерь   маусымы басталды
А. ХАМИТТЕГІ - 04.06.2026 38

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25610
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25073
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42493
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38341
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42862