Есет Байкен – Ұлытау облысының әкімі

Есет Байкен –   Ұлытау облысының әкімі

Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ол 1986 жылғы 23 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Баршын ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастап, мемлекеттік басқару, инвестициялық саясат және ұйымдастырушылық бағыттар бойынша түрлі қызметтер атқарған.

ҚР Президенті Әкімшілігінде сарапшы және мемлекеттік инспектор қызметтерінде еңбек етті. Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі секілді көптеген лауазымды қызметтер атқарған. 2026 жылғы 17 шілдеден бастап Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі қызметіне кірісті.

 

Құрметті Есет Берікұлы!

Сізді Ұлытау облысының  әкімі қызметіне тағайындалуыңызбен  шын жүректен құттықтаймыз! Сізге жаңа әрі жауапты қызметте зор денсаулық, қажыр-қайрат, даналық пен толағай табыс тілейміз. Ұлытау өңірінің дамуы жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, халықтың сенімі мен құрметіне ие бола беріңіз. Сіз мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинаған заңгер және экономистсіз. Жаңа қызметіңізде ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өндірістік әлеуетін арттыруға, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға және Ұлытау облысының стратегиялық маңызын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыратыныңызға сенім мол.

Ел игілігіне бағытталған бастамаларыңыз жүзеге асып, әрбір ісіңіз берекелі болсын. Отбасыңызға амандық, қызметіңізге сәттілік, абыройлы белестер тілейміз!

Жаңа қызметіңіз құтты және абыройлы болсын!

Халықаралық "Qazaqstan dauiri" ЖШС,

"Ел Ана" әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

 

23.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26529
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25957
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43350
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39147
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43755