Экономика «шарықтауда», ал халықты жоқшылық қысып барады

Экономика «шарықтауда»,  ал халықты жоқшылық  қысып барады

Бұқараның әлеуметтік жағдайының күн сайын нашарлап, жоқшылықтың қыспаққа алып бара жатқанын қарапайым көңіл көзімен байқауға болады. Президентіміз де бұл жөнінде кезекті шара үстінде айтып, ескертті. Ал статистика жасаушылардың деректеріне жүгінсек, экономика шарықтап, бірнеше есеге өскеніне куә боласың. Мысалға, тоқсаныншы жылдардан бері қарай кәнігі экономистің бағамдауынша, АҚШ долларымен есептегенде ел экономикасы 7 есеге өскен. Керісінше, халықтың жан басына шаққандағы табысы бар болғаны 1,7 есеге ғана алға жылжыпты. Бұл өсу ме, өшу ме, түсініп көр.

Белгілі экономист маман Ғалым Байназаровтың мына пікірі көкейге қонады: «Елімізге шетелдік инвесторлар келеді, шикізат шығару саласына қаражат шығарады, сосын оны сыртқа сатып, өздері еселеп пайда табады. Бұдан халықтың күнкөрісі, тапқан табысы өспейді. Келешекте саяси және экономика салаларындағы барлық экономикалық реформаларды халықтың тұрмыс дәрежесін жақсартуға бағындырып, іске асырмасақ, халықтың тұрмысы жақсармайды».

Дұрыс айтады. Осының астарында ащы шындық жатыр. Инвесторлармен ауыз жаласқан шенеуніктеріміз бе, әлде басқа дәулер ме, шетелге асқан біраз қаржыны жеке қалтасына салып жатқанын байқауға болады. Мысалға, мұны ұсақ-түйек емес, ірі шенеуніктердің сотталып, істі болып жатқанынан білуге болады емес пе? Сонда оларға не жетпейді? Айлықтары өте жоғары. Мына бір мысалды келтіре кетелік. Халықтың ең төменгі жалақысы қазір 85 мың теңге болса, министрлердің, әкімдердің жалақысы 1,5 млн теңге екен. Айырмашылық 16 есе! Ұлттық компаниялардың басшылары да, оның қызметкерлері де, ұлттық банк қызметкерлері де жоғары жалақы алады. Өздерінің жағдайлары жақсы болған соң, қарапайым халықтың ыңыршағы шығып, кедейленіп бара жатқанына көңіл аударып қайтсын?!

Елдің жағдайын жақсарту үшін мемлекет тарапынан қаншама жобалар, шаралар, бағдарламалар жасалынып жатыр. Алайда бұқараны қымбатшылық жан-жақтан қылқындырып, өсімқор банктер де оларға қабаттасып, қысымды күшейткен үстіне күшейтіп барады. Қазір халықтың банктерге борышы 24 трлн теңгеден асып кеткен көрінеді. Өткен жылы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин: «Несие алатын азаматтар жақсы табыс табады», – деп айтып қалды. Міне, көрдіңіз бе, халық қамын күйттейді деген лауазымды шенеуніктің пайымының түрі осы. Яғни, тұралап тұрған экономиканы алға сүйрейтін, халықтың жағдайын түсінетін мықты мамандар керек бізге. Билік бұл жөнінде терең ойлануы тиіс.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

 

15.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

КӨКБӨРІ
- 09.04.2026 189

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24426
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24088
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41535
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37442
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41797