Чемпионатта спортшылар акция ұйымдастырды

Чемпионатта спортшылар  акция ұйымдастырды

Астанада 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аясында Конституциялық реформаларды қолдауға арналған патриоттық акция ұйымдастырылды.

Чемпионат елдің барлық өңірінен келген үздік балуандарды елордада тоғыстырып, болашағы зор спортшыларды анықтауға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік жасады.

Акция жарыс бағдарламасы басталар алдында өтті. Ол жас спортшылардың, жаттықтырушылардың, қоғам өкілдері мен жанкүйерлердің басын қосты.

Іс-шара барысында қатысушылар патриотизмнің, бірлік пен отандық спортқа қолдаудың символы ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туын салтанатты түрде жайды.

Сонымен қатар Конституциялық реформаларды қолдауға арналған тақырыптық перформанс ұйымдастырылып, азаматтық ынтымақ пен жаңару бағытына қолдауды білдіретін «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар баннер ашылды.

Іс-шара барысында жанкүйерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бір арнаға тоғысып, өзара қолдау мен ауызбіршілікті айқын көрсетті.

 

Кәсіпкерлер де қалысқан жоқ

Астана қаласында жаңа  Ата Заң жобасына қызығушылар қатары көбеюде. Әр саланың мамандары өз біліктіліктерін ортаға салуда. Жуырда  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Астана қаласы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанаргүл Құлмағамбетова елордадағы Comfort Hotel Astana қонақ үйінің ұжымымен кездесіп, ҚР Конституциялық реформаларын талқылады. Өте жылы кездесу өтті. 

 

«Өздеріңіз білетіндей, жыл сайынғы Жолдау аясында 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті бірпалаталы Парламентке көшу көзделген Конституциялық реформаны өткізуді ұсынды. 2025 жылғы 8 қазанда Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына жетекші құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар фракцияларының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді. 21 қаңтарда 130-дан астам сарапшыдан құралған Конституциялық комиссия құрылды. Ал 11 ақпанда 

Президент 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын», – деді Жанаргүл Құлмағамбетова.

 

Жанаргүл Жұмабайқызының айтуынша, қазіргі Конституция жобасын 130-дан астам азамат әзірлепті. Олардың қатарында депутаттар, жазушылар, ақындар, филологтар, журналистер және т.б. зиялы қауым бар.

Ұсынылып отырған жаңа заң жобасында адам құқығына ден қойылғаны айтылды. «Жаңа Конституцияда «Миранда» ережесі бойынша әр адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негіздері және оның құқықтары түсіндіріледі. Ұсталған адамның, күдіктінің, айыпталушының тиісінше ұсталған, күдікті ретінде танылған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокат (қорғаушы) көмегiн пайдалануға құқығы бар. Сондай-ақ әр адамға жеке бас бостандығы мен жеке басына қол сұғылмау құқығына кепілдік беріледі», – деді спикер.

Сондай-ақ жаңа Конституцияда «Парламент» бөлімі «Құрылтай» деп аталатыны да еске салынды. Бес жыл мерзімге 145 депутат сайланатыны да тілге типк болды.

Сондай-ақ мұнда қоғам талқысына шығарылған Конституция жобасында преамбула, 11 бөлім және 96 бап бар, жалпы мәтіннің 84 пайызы өзгеретіні және преамбуласы жаңадан жазылып шыққаны да ұмыт қалмады.

Тағы бір айта кетерлігі, елімізде жаңа саяси институт – Халық кеңесі құрылатыны.

«Жаңа Конституцияда мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені нақты жазылған. Адам, ғылым, инновация, технология, адами капитал, яғни осы құндылықтар Конституциямен бекітілген. Зияткерлік меншік заңмен қорғалады. Сондай-ақ заңда әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар екені, барлық меншік (субъектілер мен объектілер) түрі тең қорғалатыны заңда нақты айқындалған. Осы жағынан кәсіпкерлер қорғалған. Бұл – өте маңызды жайт. Сондай-ақ жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі», – деді Жанаргүл Жұмабайқызы.

Сондай-ақ  отырыста неке және отбасы мемлекет қорғауында, неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы екені баса айтылды.

 

Сот алқасының  талқылауы

Алда келе жатқан 15 наурыз – референдум. Жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер халық талқысына шығарылмақ. Осы орайда түрлі шаралар ұйымдастырылып, заң жобасын талқылау басталды.

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасында «Сайлау туралы және Республикалық референдум туралы заңнаманы талқылау» тақырыбында оқыту семинары өтіп, судьялар сайлау кезеңіндегі әкімшілік істерді қарау ерекшеліктерін талқылады. 

Іс-шараны алқа төрағасының міндетін атқарушы А.Балақұмарова ашып, сайлау және референдум науқандары кезінде соттардың үйлесімді әрі жедел жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.

Астана қалалық сотының судьясы Р.Мәжитов өз баяндамасында сайлау заңнамасын терең зерделеу мен оны құқық қолдану практикасында дұрыс пайдаланудың өзектілігіне тоқталды.

Семинар жұмысына Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты судьялары да белсенді қатысып, тәжірибе алмасты.

Судья Н.Әубәкіров референдум өткізуге байланысты дауыс беру күніне дейінгі әкімшілік істерді қарау тәртібін түсіндірсе, судья А.Амангелдин дауыс беру күні сотқа түскен істердің ерекшеліктеріне тоқталды. Ал судья Д.Төреқұлов қорытындылар жарияланғанға дейін және кейін әкімшілік істерді қарау тәртібі туралы баяндама жасады.

Семинар қорытындысында қатысушылар пікір алмасып, сайлау және республикалық референдум мәселелері бойынша әзірленген жадынамаларды сот тәжірибесінде қолдану жөнінде ортақ шешімге келді. 

Бұған дейін Астанада «Қазпошта» ұжымында Конституциялық өзгерістер талқыланғанын еске саламыз.

 

Нағашыбай Қабылбек
26.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Қандастарымыздың оралуына зор тосқауыл қоятын пилоттық жоба қайта қаралуы тиіс!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.02.2026 166
Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 186
Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 264

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23623
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23277
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39826
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36761
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40932