Бәрекелді! «Мишабай, мен саған темір тұлпар қарызбын!»

Бәрекелді! «Мишабай, мен саған темір тұлпар қарызбын!»

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Италияда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Жеңістен кейін бұл марапатқа жету жолы оңай болмағанын айтқан спортшы: 

«Мен бұл Олимпиадаға ұзақ дайындалдым. Маусым бойы тек өз жұмысымды атқарғым келді. Енді бәрі нәтижесін берді. Бұл медальді бүкіл Қазақстанға арнағым келеді. Шынымды айтсам, басқа спортшылар үшін де қатты алаңдадым. Олимпиада – өте жүйкеге салмақ түсіретін жарыс. Эмоциямды жеңу бұйырды, ал кейбіреулерге қиын болды. Бағалар жария болғанда, аралық үшінші орында тұрғаныма сене алмадым. Ал бірінші орын алғанымды түсінгенде қолдау тіпті керемет болды. Әлеуметтік желіге кіру мүмкін емес еді. Трибуналардағы жанкүйерлер ерекше қолдады. Бәрі бір фильм секілді өтті. Әлі не болып жатқанын толық түсіне алмай тұрмын. Бұл медаль мен үшін де, еліміз үшін де үлкен мәнге ие. Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың дамығанын қалаймын. Сол үшін бар күшімді саламын. Жағдай жасалады деп үміттенемін. Менің медалім Денис Тен үшін де маңызды болар еді деп ойлаймын. Ол бізге жол ашты. Оның жолы да, менің жолым да оңай болған жоқ. Қазақстан спорты үшін жасаған еңбегі үшін Дениске алғыс айтқым келеді» – деді.

«Мишабай, мен саған темір тұлпар қарызбын!»

– Мишабай, бауырым, Олимпиада алтыны құтты болсын! Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі қимылың, өнерің сені бүгін тек чемпион ғана емес, дүйім жұртқа үміт пен рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматымызға айналдың. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң, өкінішке қарай, халқымыздың маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті – Денисімізді жоқтатпай, ағаңның алдындағы, еліміздің алдындағы борышыңды жоғары деңгейде өтедің. Болашақта мұз үстіндегі жолың жарқын, шабытқа толы болсын. Өнеріңмен әлемді бағындырып, жаңа белестерге жете бер. Бауырым, Олимпиадаға менің орындауымдағы әнді таңдап, мені де бір марқайтып, қуантып қойдың. Көптен-көп рақмет! Осы орайда саған өз атымнан аз да болса, көптей көр, темір тұлпар сыйлаймын. Astana Motors-қа кел, екеуміз де елге жетіп алайық. Көлік менің мойнымда. Жеңіс құтты болсын, ағайын! – деді Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі видеосында.

 

19.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 70
Қариясын сыйлайтын ел едік
Қатимолла РИЗУАНОВ, Атырау облысының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендері мен ондаған медаль иегері, мемлекеттік қызмет ардагері - 19.02.2026 38

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23526
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23184
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39550
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36671
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40825