Астана қаласы мен Ақмола облысының 150 мыңнан астам оқушысы «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбындағы су үнемдеуге арналған экосағатқа қатысты

Астана қаласы мен Ақмола облысының 150 мыңнан астам оқушысы «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбындағы су үнемдеуге арналған экосағатқа қатысты

Астана қаласындағы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде су үнемдеуге арналған «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында экологиялық сағат өтті. Іс-шараға Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Салли Аксуорси және ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев қатысты.

Спикерлер балаларға су ресурстарының маңызы, суды тиімді үнемдеу тәсілдері, сондай-ақ Ұлыбритания мен өзге мемлекеттердің су қорын сақтау және оны ұтымды пайдалану саласындағы тәжірибесі туралы айтып берді.

Одан кейін Елші мен Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері Қазақстан мен Ұлыбританиядағы су үнемдеу бағдарламалары, ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу, тұрмыста суды үнемдеу және жерасты суын пайдалану мәселелеріне қатысты балалардың сұрақтарына жауап берді.

Жалпы алғанда, экологиялық сағатқа онлайн және офлайн форматта елорда мен Ақмола облысынан 150 мыңнан астам оқушы қатысты. Олардың қатарында №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 250 оқушысы, Астананың Есіл ауданындағы 12 мектептен 1 200 оқушы және Ақмола облысындағы 523 мектептен 140 мыңнан астам бала бар.

Экосағат аясында сондай-ақ ғылыми көрме ұйымдастырылып, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің оқушылары су ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы өз жобаларын қонақтарға ұсынды.

«Былтыр Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында министрлік халықаралық серіктестермен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп «Суды үнемде – болашақты сақта» жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын. Нәтижесінде Қазақстан бойынша 2 миллионнан астам бала мен олардың ата-аналары суды үнемдеу және оны ұтымды пайдалану туралы көптеген жаңа әрі пайдалы ақпарат алды. Биыл да біз өскелең ұрпақ арасында су үнемдеу мәдениетін насихаттауды жалғастырып жатырмыз. Сондай-ақ жоба аясында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін қамту жоспарланып отыр», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

14.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22156
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21919
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37608
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35499
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39562