Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз портын салу жоспарлануда

Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз портын салу жоспарлануда

Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу жоспарлануда. Стратегиялық серіктес ретінде қытайлық «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобы шығып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады.

Оның айтуынша, инвестициялық жобаның құны $300 млн-ға бағаланып отыр. Қазіргі уақытта инвестор компанияны өңірде тіркеп қойды, енді инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындап жатыр. 

«Жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Оны жүзеге асыру жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, көлік шығындарын 18-25% төмендетуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», 

— деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.

 

📱 @KZgovernment

26.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20323
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20153
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35266
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37679