Ақмола облысында Қорғалжын ауданы ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары басталды

Ақмола облысында Қорғалжын ауданы ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары басталды

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Нұра топтық су құбырын кешенді реконструкциялау аясында Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жобасын іске асыруды бастады.

Жоба аясында магистральды су құбырынан Алғабас, Қараегін, Қарғалы, Жантеке, Майшүкір және Абай ауылдарына тартылатын тармақтарды салу көзделген. Сонымен қатар Жантеке мен Қараегін ауылдарында су құбыры нысандарының алаңдарын салу жоспарланып отыр.

«Бұл ауылдар Нұра топтық су құбырының магистральды бөлігінен тартылған тармақтардың тозуына байланысты ауыз су беруде тұрақты қиындықтарға тап болып отыр. Қазіргі таңда мердігер ұйым ор қазу және құбырларды дәнекерлеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады», - деді СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

01.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25518
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24993
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42409
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38262
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42780