Алматы халықаралық әуежайы мен Cathay Pacific әуе компаниясы Алматыға рейстерді 2027 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жөніндегі өзара түсіністік және жоспар туралы меморандумға қол қойды*

Алматы халықаралық әуежайы мен Cathay Pacific әуе компаниясы Алматыға рейстерді 2027 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жөніндегі өзара түсіністік және жоспар туралы меморандумға қол қойды*

 2 маусым күні Астана қаласында Гонконг мемлекетінің арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Ли Ка-чю жетекшілік еткен жоғары деңгейлі делегацияның қатысуымен меморандум өтті. Іс-шараға Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Көсе, Cathay Pacific әуе компаниясының тұтынушыларға қызмет көрсету және коммерциялық бағыт жөніндегі директоры Лавиния Лау, сондай-ақ Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Ешанова қатысты.

Іс-шара барысында Алматы – Гонконг бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосу мәселесі қарастырылып, кездесу қорытындысы бойынша тараптар меморандумға қол қойды. Cathay Pacific әуе компаниясының мәліметіне сәйкес, тікелей рейстерді іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланып отыр. Рейстер аптасына үш рет Airbus A330-300 кеңфюзеляжды әуе кемелерімен орындалады. 

Жобаны жүзеге асыру әуежайдың халықаралық бағыттар желісін дамытудағы және Орталық Азия мен Азия-Тынық мұхиты өңірі арасындағы көлік байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.

Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан, Орталық Азия және Азияның жетекші қаржы әрі көлік орталықтарының бірі — Гонконг арасындағы авиациялық, сауда және туристік байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл бағыт іскерлік белсенділікті, туризмді, жүк тасымалын және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосымша мүмкіндіктер сыйласын. Алматы халықаралық әуежайы жаңа әуе тасымалдаушыларды тарту және ұшу бағыттарының географиясын кеңейту жұмыстарын жалғастырып, Алматының Орталық Азиядағы ең ірі авиациялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуда.

03.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

122 МЛН КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 04.06.2026 37
Орташа   жөндеу жұмыстары жоспарлануда
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Тараз қаласы - 04.06.2026 39
Жазғы лагерь   маусымы басталды
А. ХАМИТТЕГІ - 04.06.2026 38

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25610
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25073
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42493
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38341
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42862