Алматы халықаралық әуежайы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізді

Алматы халықаралық әуежайы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізді

1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай Алматы халықаралық әуежайы Түрксіб ауданының мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік кешке 100-ге жуық бала мен олардың ата-аналары қатысып, арнайы концерттік бағдарламаны тамашалады.

 Іс-шара Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Көсенің құттықтау сөзімен ашылды. Ол өз сөзінде балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Гокер Көсе, Алматы халықаралық әуежайының президенті:

«Бұл — Алматы әуежайы үшін өте маңызды мереке. Балаларды келе жатқан айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Біз мүмкіндігінше барлығына қолдау көрсетуге тырысамыз. Бүгін балаларды көптеген ерекше тосынсыйлар күтіп тұр.

 

Бұл шараның басты мақсаты — мереке қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оларға қолдау көрсету. Бағдарлама аясында балаларға арналған концерт, қызықты қойылымдар ұсынылып, сыйлықтар табысталды. Интерактивті ойындар ойнатылып, кәсіби аниматорлар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.  Сондай-ақ, Алматы халықаралық әуежайы Балаларды қорғау күні қарсаңында Авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп, Есенов атындағы балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады.

 Бүгін әуежай терминалдарында да қызметкерлердің балаларына арналған мерекелік шара өтті. Кішкентай жолаушылар мен қызметкерлердің балалары үшін арнайы концерт ұйымдастырылып, тәттілер ұсынылды. 

Алматы халықаралық әуежайы әлеуметтік жауапкершілікті өзінің басты құндылықтарының бірі ретінде қарастырады. Компания балаларға, жастарға және қоғамның әлеуметтік осал топтарына арналған қайырымдылық жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

02.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25591
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25061
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42481
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38328
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42846