Алатау ауылының ақсақалдары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында жергілікті жастармен бірге бұлақ көзін тазалады

Алатау ауылының ақсақалдары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында жергілікті жастармен бірге бұлақ көзін тазалады

 ​Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Алатау ауылының тұрғындары «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысты. Ауыл тұрғындары өз бастамаларымен Шоңқара бұлағының көзін ашып, айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараны ауыл ақсақалдары ұйымдастырып, олардың бастамасын жергілікті жастар қолдады.

 ​Іс-шараға қатысушылар қазақстандықтарды акцияға қосылып, елдегі су көздерін қоқыс пен ластанудан қорғауға өз үлестерін қосуға шақырды.

​​«Ауыл тұрғындары, оның ішінде оқушылар мен аға буын өкілдері «Мөлдір бұлақ» акциясы мен Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында бұлақ көзін тазалауға шықтық. Басқа ауылдар мен аудандар да бізден үлгі алсын деп бұл іс-шараны жыл сайын өткізіп келеміз. Суды бағалап, оны ластамай, құрметпен қарау қажет. Сондықтан акцияның тәрбиелік мәні зор. Мұндай іс-шараларды келешек ұрпақ алдағы уақытта да жалғастырып, жақсы дәстүрге айналдырады деп сенемін. Бұлақтың көзі ашылса, халыққа тигізер пайдасы зор», - деді Алатау ауылының тұрғыны Алтынбек Мамытқұлов.

 ​Шоңқара бұлағы - жергілікті тұрғындар үшін маңызды су көзі. Ол егістік алқаптарын суаруға және басқа да шаруашылық қажеттіліктерге пайдаланылады.

 Еске салайық, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын Су ресурстары және ирригация министрлігі Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырды. Биыл наурыз айында акцияның алғашқы кезеңі өтіп, оған Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласы қатысты.

  

ҚР Су ресурстары және ирригация

министрлігінің баспасөз қызметі

14.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24398
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24060
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41504
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37417
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41765