Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасын салып, шамамен 3 мың шақырым каналды реконструкциялау жоспарланып отыр

Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасын салып, шамамен 3 мың шақырым каналды реконструкциялау жоспарланып отыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті. Ведомство басшысы министрліктің қазіргі жұмысы мен өңірдің су шаруашылығын дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар туралы айтты.

2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында Ақсу, Көксу, Панфилов, Сарқан, Алакөл аудандарында және Талдықорған қаласында 8 жаңа су қоймасын салу көзделген. Нысандар Биен, Біже, Қорғас, Үсек, Тышқан, Балықты, Жаманты және Басқан өзендері бойында салынады.

Бұдан бөлек, үш су қоймасын және ұзындығы 2930 шақырым болатын каналды реконструкциялау, сондай-ақ ұзындығы 236,8 шақырым каналды автоматтандыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 17 гидротехникалық құрылысжайда көпфакторлы зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

«Біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі – су шаруашылығы инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту. Қазір жүзеге асырылып жатқан гидротехникалық құрылысжайларды салу мен реконструкциялау, ирригация желілерін автоматтандыру жобалары суды пайдалану тиімділігін айтарлықтай арттырып, оның шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Вегетация кезеңінің қорытындысы көрсеткендей, аграрлық сектордың тиімділігі су ресурстарын қаншалықты сауатты және жауапкершілікпен басқаруға байланысты. Бұл тек нақты жоспарлауды ғана емес, су саласын жүйелі дамытуды да талап етеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 Кездесу барысында Жетісу облысының тұрғындары министрге су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсалған шығындарды субсидиялау және егістік алқаптарын суаруға арналған су тұтыну нормаларын қайта қарау мәселелері жөнінде сұрақтар қойды. Кейін Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке қабылдап, гидроэлектр станциялары мен бөгеттердің құрылысы, ирригация каналдарын жөндеу сияқты тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берді.

17.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 98
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 102

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18775
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18638
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33806
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32350
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36155