Құттықтаймыз! Маңғыстаулық балуан «Қазақстан барысы» атанды

Құттықтаймыз! Маңғыстаулық балуан  «Қазақстан барысы» атанды

Маңғыстаулық балуан Жантілек Нұртілепұлы 2026 жылғы «Қазақстан барысы» республикалық қазақ күресі турнирінде жеңімпаз атанды.

Елдің әр өңірінен жиналған үздік балуандар бақ сынаған дүбірлі додада Жантілек Нұртілепұлы өзінің шеберлігі мен мықтылығын танытты. Осылайша ол қазақ күресіндегі ең беделді жарыстардың бірінде жеңіс тұғырына көтеріліп, Маңғыстаудың мерейін асқақтатты.

Қазақ күресін кеңінен насихаттап, ұлттық спорттың дамуына серпін беретін «Қазақстан барысы» жарысында жеңіске жету – балуанның ұзақ жылғы дайындығы мен табанды еңбегінің нәтижесі. Жантілек Нұртілепұлын жеңісімен құттықтаймыз! 

 

ЖАНТІЛЕК НҰРТІЛЕПҰЛЫ ІНІМІЗГЕ!

Ел намысын көтерген,

Ер тумайды бекерден.

Алла қуат берсін!

Автор 

 

Отпан тұр Қаратауда лапылдаған,

(Жел тарих – жез таңдайы тақылдаған.)

 

Ер Лабақ – Маңғыстаудың білек күші,

Ер Шабай –  ту түбінде жүрек тұсы.

 

Мысалы, Есен – Сүгір,

Ер Жоламан,

Бердәулет – көк қаршыға сорғалаған.

 

Мәскеудің төрін басқан – Ер Жалауым,

(Филиптің* қанмен жуған кер танауын.)

КЕҢЕСТІҢ* көрін қазған – 

                                     Мырзалы хан!

Біліп қой, сұңғыла түн, сырғалы таң.

 

Бір Алла,

Пірің Бекет, алтын елім!

Аман жүр, Барыс-сүрлеу – Жантілегім!

 

Тәуелсіз Қазақстан – көк байрағым!

Жанымда жанартау боп көп қайнадың.

 

Құрметпен, ағаң – Сабыр Адай

17.08.2026ж.

 

Ескерту:

*Ф.И.Голощёкин.

*Кеңес үкіметі.

20.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27073
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26541
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43872
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39664
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44223