ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ JASTAR DAY OPEN AIR ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ JASTAR DAY OPEN AIR ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Халықаралық жастар күніне орай 12 тамызда Астанада ауқымды JASTAR DAY open air фестивалі өтті. Бір алаңға қазақстандық эстраданың танымал өнерпаздары, жас орындаушылар мен мыңдаған көрермен жиналды.

Қонақтарға ерекше концерттік бағдарлама, хедлайнерлердің жанды дауыстағы өнері, заманауи музыкалық қойылымдар мен интерактивті бағдарламалар ұсынылды. Сондай-ақ жастар үшін өзекті тақырыптар бойынша танымал спикерлер сөз сөйледі.

Фестивальдің білім беру бағдарламасы аясында лекторлар «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», жасанды интеллект, заманауи технологиялар, тұлғалық және кәсіби әлеуетті дамыту, азаматтық белсенділік пен жастар бастамалары тақырыптарында сөз қозғады.

Фестиваль талантты жастарды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, белсенді өмір салтын, мәдениетті, азаматтық құндылықтар мен жастар бастамаларын насихаттауға бағытталғанын айта кетуіміз керек. Іс-шара Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткізілді.

Сахнада Ersultan Omar, Еркебұлан & Бауыржан, Iliyas Kabdyray, RICK, BAXA, Abzal Uteshov секілді тарландар өнер көрсетті.

Фестиваль Тұран даңғылы, 2/6 мекенжайында орналасқан жазғы амфитеатрда өтті.

 

Нағашыбай Қабылбек
12.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27082
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26553
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43882
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39674
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44230