ЖАҚСЫ БАСТАМАҒА ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

ЖАҚСЫ БАСТАМАҒА ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

Астана қалалық №4 емханасында «Пациент – серіктес» бағдарламасының тұсаукесері өтті. Жоба Денсаулық сақтау сапасы жөніндегі аккредитация орталығы (АСQH) мен «Дом» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жүзеге асуда.

Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы бастама, ол пациенттерді медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелерінде толыққанды серіктеске айналдырады.

Бағдарлама 8 қыркүйекте қол қойылған пациент-серіктестер кеңесін құру жөніндегі меморандум аясында іске асырылуда. Кеңес азаматтарды медициналық ұйымдарды аккредитациялау мен олардың жұмысын бақылау процесіне тартатын ұлттық алаңға айналмақ. Бастамаға мемлекеттік органдар да қолдау білдірді.

«Басты мақсат – тек шағымдарды тіркеу емес, пациенттер мен медициналық ұйымдар арасында тұрақты диалог орнату. Бұл өзара сенімді нығайтып, көмек сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін процестерге адамдарды тартуға мүмкіндік береді», – деді жиын модераторы.

Бағдарлама халықаралық ұсынымдарға толық сәйкес келеді және мемлекет тарапынан қолдау тапты.

Презентацияға Парламент депутаттары мен Тәжікстаннан келген делегация қатысты. Шара бүкіл Қазақстанға онлайн көрсетілді.

«Біз медициналық ұйымдар арасында челлендж бастаймыз. Оның мақсаты – пациенттерді проблемаларды талқылауға тарту және бірге шағымдар санын азайту. Сараптама көрсеткендей, шағымдардың 80%-ы дәрігерлерге емес, ұйымдастыру мәселелеріне байланысты. Біз тек пациенттерді ғана емес, медицина қызметкерлерін де қорғауымыз керек, – деді АСQH басқарма төрайымы Ботагөз Қаупбаева.

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

 

18.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 348
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 493
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 337
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 197

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568